«Кітап- досың, ақылшың»

«Кітап- досың, ақылшың»

Кеңес Одағының Батыры Сабыр Рахымов атындағы Шымкент республикалық «Жас ұлан» мектебінде кітапханашыларының ұйымдастыруымен  Халықаралық балалар кітабы күніне орай  «Кітап- досың, ақылшың» атты  оқырмандарға әңгіме сағаты өткізілді.

Ата-бабаларымыз «Кітап – көп ақылдың құйылған көлі» деп текке айтпаса керек. Барлық білімділердің басын тоғыстырып, кез-келген сәтте көмекке келетін ерен күш әрі білімді жетілдіріп, тіл байлығын дамытып, саналы да білімді адам шығаруға таптырмайтын баға жетпес дүние ол – кітап.

   Шараның негізгі мақсаты – балалардың кітап оқуға деген ықыласын ояту, кітапханаға оқырмандарды тарту, кітапты талғаммен оқуға баулу, бос уақыттарын тиімді пайдалануын қамтамасыз етуге көмектесу және рухани мәдениетін көтеру.

Бұл іс-шара қаладағы «Отырар» облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында жалғасын тапты. Мектеп кітапханашылары мен 3 оқу рота ұландарының қатысуымен ұландарды кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, мәдени және білім деңгейін көтеру, кітапхананы насихаттау мақсатында «Отырар» кітапханасына саяхат жасалынды. Ұландар кітапхана әлеміне тереңірек бойлап, «Ақерке» балалар залындағы әлем және қазақ балалар әдебиетімен танысты. Оқу залына Тұңғыш Президент  күніне  орай ашылған Елбасы жайлы жазылған жинақ-кітаптар, Оңтүстік өңірінен шыққан ірі тұлғалардың еңбектері қойылған.
          Кітапханаға алғаш келген «Жас ұлан» мектебінің тәрбиенушілері «Отырар» кітапханасының қорына келіп түсіп жатқан жаңа кітаптар мен кітап авторлары жөнінде мол мағлұмат берген  кітапханашыларға ризашылықтарын білдірді.

 

Айкен Оспанқұлова

Шымкент республикалық

«Жас ұлан» мектебінің қызметкері

 


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Семь граней Великой степи

Семь граней Великой степи