Генералдар мен офицер мырзалар, сержанттар мен сарбаздар, Қарулы Күштердің қызметкерлері мен жұмысшылары!

Генералдар мен офицер мырзалар, сержанттар мен сарбаздар, Қарулы Күштердің қызметкерлері мен жұмысшылары!

7 мамырда еліміз мемлекеттік мереке – Отан қорғаушы күнін атап өтеді. Бұл күні 27 жыл бұрын Мемлекет басшысының Жарлығымен Қарулы Күштер құрылды.

Қазақстан армиясы қалыптасуы мен дамуы жылдарында мемлекеттің сенімді тірегіне айналды. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атап өткендей, Қарулы Күштер – қауіпсіздіктің басты кепілі, еліміздің егемендігі, бейбітшілігі мен тыныштығының берік қорғаны.

Бүгінгі күні мемлекет басшылығы армия үшін барлық қажетті жағдайды жасады: әскерлерге жаңа техника мен қару-жарақ жеткізілуде, толыққанды жауынгерлік даярлық үшін қазіргі заманғы полигондар мен оқу-жаттығу орталықтары жабдықталған, әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелері үшін заңнамада ауқымды әлеуметтік пакет көзделген.

Қарулы Күштердің әскери қызметшілері мен азаматтық персоналы ұдайы жауынгерлік әзірліктің жоғары деңгейін ұстаумен кәсіби шеберліктерін арттыра отырып, Отан алдындағы конституциялық борышын лайықты атқарып келеді. Әртүрлі ауқымдағы оқу-жаттығулар, Халықаралық Армия ойындарындағы жауынгерлеріміздің тұрақты жетістіктері, сондай-ақ ел басшылығы мен беделді халықаралық сарапшылардың жоғары баға берулері осының дәлелі болып табылады. Бұл еліміздің қорғаныс қабілетін қамтамасыз етуге әрдайым үлес қосатын әрқайсымыздың еңбегіміз.

Сіздерді Отан қорғаушы күнімен құттықтаймын!

Сіздерге және жақындарыңызға мықты денсаулық, ашық аспан, отбасылық береке және Отанымыз – Қазақстан Республикасының игілігі үшін қызметтеріңізде табыс тілеймін!

 

Қазақстан Республикасының

Қорғаныс министрі    

генерал-майор Н.Ермекбаев

 


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Семь граней Великой степи

Семь граней Великой степи