Жаунгерлік әзірлік

«Оңтүстік» өңірлік әскерлері қолбасшысының жауынгерлік әзірлік жөніндегі орынбасары полковник Тұрдалы Тұрғанбаев төрағалық еткен комиссия «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы 44736 әскери бөлімінің жауынгерлік дайындығын тексерді.

Жеке құрам жауынгерлік әзірліктің жоғары деңгейіне келтірілген соң, саптық дайындық, жалпыәскери жарлықтар, мемлекеттік-құқықтық дайындық, радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс, әскери топография, атыс даярлығы, дене дайындығы, арнайы  дайындық, техникалық дайындығы бойынша сынақтан өтті. 

«Шығыс» жалпыәскери полигонында АК-74 қаруынан күндіз және түнде ату жаттығуларын орындады. БМП әскери техникасын да жүргізіп, оқ атты. Ал, жауынгерлік атыспен ұйымдастырылған ротаның тактикалық-арнайы жаттығуында дұрыс тактикалық әрекеттерге, қару-жарақты тиімді пайдалануға, әрі қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға ерекше көңіл бөлінді. Қорытынды тексерістің ерекшелігі сол, жауынгерлік міндеттерді орындаудың деңгейіне ерекше мән берілді. «Оңтүстік» өңірлік әскерлері қолбасшысының жауынгерлік әзірлік жөніндегі орынбасары полковник Тұрдалы Тұрғанбаев жеке құрамның дайындығына өз бағасын берді. 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"