Жат ағым жанды жауламасын десең...

20 қарашада ҚР Қорғаныс министрлігі Ш.Уәлиханов атындағы Кадет корпусында әскери қызметшілерге «Деструктивті бағыттағы топтардың елімізге тигізетін зияны» тақырыбында түсіндіру жұмыстары болып өтті.

        Онда коммуникация және ұлттық қауіпсіздік ғылыми-зерттеу институтының оқытушысы және ғылыми қызметкер, әскери психолог Марина Букашова, республикалық ақпаратты насихаттау тобының мүшесі теолог маман Рауан Шынғожанов, Ақмола облысы дін істері басқармасының жанындағы «Конфессияаралық қатынастарды дамыту және талдау орталығы» Ақпараттық – насихаттау бөлімінің теолог маманы Тоқсамбай Шәріпов сөз алып, жастарға теріс ағымның зиянды жақтарын түсіндірді.

Бүгінгі әлемнің, оның ішінде Қазақстанның міндеті – жалпы адамзаттық, гуманистік және толеранттылық құндылықтарды, конфессияаралық келісім, диалогты, ғасырлар бойы әлемдік және дәстүрлі діндердің енгізген принциптері мен қағидаларын, жалпы әлемдік, адамзаттық өркениеттегі бейбітшілікті сақтау.

Қазіргі уақытта, бұған дейін болуы мүмкін болып қарастырылып келген терроризм мен экстремизмнің таралу қаупі Қазақстан үшін мемлекет, қоғам мен азаматтардың қауіпсіздігіне төнетін шынайы қауіпке айналып отыр. Осыған байланысты халықаралық лаңкестік пен экстремизмнің өзге де белгілеріне қарсы әрекет ету республикамыздың ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісінде басым бағыттардың біріне айналды. Әлемдік және дәстүрлі діндер адамның діни және рухани негіздерін дамытудың күшті факторы болып табылады.

Жеке құраммен сұхбат барысында Коммуникация және ұлттық қауіпсіздік ғылыми-зерттеу институтының оқытушысы және ғылыми қызметкері, әскери психолог Марина Букашова: «Экстремизмге қарсы тұрудың бірден-бір жолы – олар туралы өз уақытында шынайы мәлімет беру. Секталардың, экстремистік топтардың қаупі туралы жастарды көбірек хабардар етіп отыру қажет. Сондықтан да жастар мен жасөспірімдердің арасында осындай тақырыптар негізінде көптеген кездесулер өткізу, діни білімдерін толықтыру, қандай болмасын дін жолын ұстанам деген жастарға мешітке барып, имамдардан сабақ алу, білмегенін сұрау, үйрену керектігі, басқа адамдардың жетегіне, басқа жат ағымдарға еріп кетпеу, осы бастан олардан аулақ болу, ата-ананы сыйлаумен қатар ата-бабамыздың ұстанған діні мен жолын салт-дәстүрін ұстану, одан таймау, Елбасымыз әрдайым қайталап айтып жүргендей, халықтар арасында ауызбірлік пен ынтымақты, ұлттық құндылықтарды сақтау, туысқандық бауырмалдыққа баулитын қағидаттарды бойларына сіңіру, ел қауіпсіздігіне нұқсан келетін, қауіп төндіретін жағдайлардан аулақ болу»,- деп, өз пікірін білдірді.

Республикалық ақпаратты насихаттау тобының мүшесі теолог маманы Рауан Шынқожанов және Ақмола облысы дін істері басқармасының жанындағы «Конфессияаралық қатынастарды дамыту және талдау орталығы» Ақпараттық – насихаттау бөлімінің маман-теологы Тоқсамбай Шәріпов сұхбат барысында жас өскелең ұрпақты имандылық пен адамгершілікке, тазалық пен адалдыққа тәрбиелеу, отансүйгіштік, патриоттық сана-сезімдерін арттыру тақырыптарындағы іс-шараларды жиі ұйымдастыру керектігін алға тартты. Арнайы білімі бар дін саласындағы адамдармен кездесу барысында әскери қызметшілер мен кадеттер зайырлы қоғам туралы көптеген көкейдегі жүрген түйінді сұрақтарына жауаптарын алды. Осындай қауіпке қарсы шараларды іске асыру үшін Кадет корпусының басшылығы жергілікті басқарма мекемелерімен және мамандармен бірігіп ұдайы қызмет жасап, зайырлы қоғам бағытындағы кездесулер өткізгені жөн. Және де әрбір азамат олардан сақтану жолын білулері тиіс.

Капитан Д.Сағадулла

ҚР ҚМ Ш.Уәлиханов атындағы Кадет корпусының

тәрбие және идеологиялық жұмыстар бөлімі


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

"Глаза разведчика": оптические приборы казахстанского производства

"Глаза разведчика": оптические приборы казахстанского производства