Жат ағым жанды жауламасын...

Жат ағым жанды жауламасын...

ҚР ҚК Тыл және қару-жарақ бастығы басқармасы қарамағындағы 23366 әскери бөлімінде  «Армия ортасына сыңаржақ идеялардың кіруіне жол бермеу» тақырыбында онкүндік болып өтті.

Онкүндік аясында бөлім басшылығының ұйымдастыруымен Астана қаласы Әкімдігінің «Дін проблемаларын зерттеу орталығының» дінтанушы маманы Мерхат Мұратұлы Мадияров мырза мен психолог мамандар арнайы шақырылып, бөлімнің әскери қызметшілерімен дін тақырыбында кездесу өтті. Кездесу барысында қазақ халқының рухани тарихы мен дәстүрлі діни танымы, діни экстремизм мен терроризмнің алдын-алу жолдары, діни және құқықтық сауаттылықты арттырудың маңыздылығы, еліміздегі дін саясатының бағыт-бағдарын іске асыру, әскери тәртіпті сақтау туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жиын барысында еліміздің діни саясатын жүзеге асыру мақсатында дінтанушы маман: «...Дұрыс ақпарат көздерін іріктей білу және психологиялық тұрғыдан әлеуметтік желідегі жат ағым өкілдерінен қорғану тәсілдерін әрқашанда жақындарымызға айтуымыз керек. Өзге идеологияға қарсы тұру үшін жас буындарымызға ата-баба дәстүрін түсіндіру арқылы ғана төтеп бере аламыз»,-деп өз пікірін білдірді. Соңында бейнероликтер көрсетіліп, қойылған сұрақтарға толықтай жауаптар берілді.

 

         Капитан А.Нұрханова

                                                            23366 әскери бөлімі


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

Броньды машиналар кәсіпорны

Броньды машиналар кәсіпорны

БКМ "Барыс 8х8"

БКМ "Барыс 8х8"