«Жас ұландықтардың» ерлік сабағы

«Жас ұландықтардың»  ерлік сабағы

    Жуырда Кеңес Одағының Батыры Сабыр Рахымов атындағы Шымкент республикалық «Жас ұлан» мектебінің тәрбиеленушілері жасөспірімдерді мамандыққа баулу, мектептің имиджін көтеру, сонымен қатар жасөспірімдердің бойындағы патриоттық рухты көтеру мақсатында осы қаладағы мектеп оқушыларының қатысуымен «Ерлік сабағын» өткізді.

Онда Шымкент республикалық «Жас ұлан» мектебінің тәрбиеленушілері жасөспірім оқушыларды аталған оқу орнымен таныстырып,   еліміздің әрбір азаматының Отан алдындағы борышы, міндеттері, әскери мамандық туралы әңгіме жүргізді.

         Жүргізілген «Ерлік сабағы» барысында мектеп оқушылары өздерінің көкейлерінде жүрген сұрақтарына жауап алып, қазақтың тұңғыш генералы, Кеңес Одағының Батыры Сабыр Рахымовтың өмірбаяны мен ерліктерімен танысты.

 

Сымбат Бақберген

Шымкент республикалық «Жас ұлан» мектебі

 


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Семь граней Великой степи

Семь граней Великой степи