«Жас сарбаз» әскери-патриоттық лагеріндегі жазғы демалыс

Ағымдағы жылғы 10 маусымда «Жас сарбаз» әскери-патриоттық лагері ашылған болатын. Демалуға келген алғашқы лек шалғайдағы гарнизондарда тұрып жатқан әскери қызметшілердің балаларынан тұрады.

Лагерьге демалуға келген балалардың ішінде спорттың бірнеше түрі бойынша көптеген республикалық жарыстардың жүдегерлері бар. Мәселен, Аягөздік Нұрдәулет Қалиев сабақтан қолы бос уақытта гарнизондағы спорт кешенінде грек-рим күресімен шұғылданады. Бірқатар аудандық, облыстық жарыстарға қатысып, жүлделі орындарды да алған.
– «Осы жазғы лагерде демалысымды өткізіп жатқаныма өте қуаныштымын. Мен бұл жерден көптеген достар таптым. Болашақта Құрлық әскерлерінің Әскери инситутына оқуға түсіп, ата-анам сияқты офицер болғым келеді, – дейді Нұрдаулет.  Лагерьде балалар үшін бірқатар мәдени-демалыс және спорттық шаралар қарастырылған. Бағдарламаға сәйкес, әскери қызметшілердің балалары оңтүстік астананың көрікті жерлеріне экскурсия жасап, танымал спортшылармен жүздеседі. 

 Сонымен қатар, АОСК Панфилов кентіндегі оқу-жатығу орталығында болып, білікті нұсқаушылардың басқаруымен кедергі жолақтарынан жүгіріп өтіп, әртүрлі спорттық снарядтарда жаттығу жасайды. Пейнтбол ойнауға да мүмкіндік алады.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"