Щучье қаласында «Жас Сарбаз» әскери-патриоттық қоғамдық қозғалысы республикалық штабының төрағасы, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасары генерал-майор Мұхамеджан Таласов «Жастар Отанға» жастар саяси лагеріне қатысушылармен кездесті.
Кездесу Елбасымыздың «Рухани жаңғыру – патриотизм негіздері» атты бағдарламасын жүзеге асыру аясында өтті.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасындағы әскери-патриоттық тәрбие және жастар арасындағы жас қазақстандық бейнені қалыптастыру мәселелері талқыланды. Кездесу соңында генерал-майор Мұхамеджан Таласов «Жастар Отанға» жастар саяси лагеріне қатысушыларға әскери сала өз елінің шынайы патриоттарын дайындауға арналған тамаша мектеп екенін атап өтіп, «Жас сарбаз» қатарына қосылуға шақырды.