Жас инженерлер жауынгерлік тапсырмаларды орындайтын техникалар құрастырды

Шымкентте қоласты материалдардан облыс мектептері оқушыларының күшімен жиналған бірегей жәдігерлер ұсынылған робот техниканың тақырыптық көрмесі өтті

Барлық жұмыстар жарылғыш құрылғыларды залалсыздандырудан бастап радиобелсенді қалдықтарды тасымалдауға дейін жауынгерлік тапсырмаларды орындау мақсатында құрастырылды. Өрімдей инженерлер болашақта ҚР Қарулы Күштері әскери қызметшілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін техниканы жасаумен айналысқысы келетіндерін айта кеткен жөн. Көрме  ІІ Оңтүстік Қазақстан «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиыны шеңберінде өткенін айта кетейік. Жеңіс тұғырынан көрінуге облыстардың барлық аудандарынан 18 команда бақ сынасты. Сайыстың ашылғаны туралы ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары  генерал-майор Талғат Мұхтаров хабарлады. 35748 әскери бөлімі оркестрінің сүйемелдеуімен командалар стадионда маршпен жүріп өтіп, әскери дода бастау алды. Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы орталық стадионының базасында өңірдің оқушылары спорттың 11 әскери-қолданбалы түрі бойынша өздерінің жетістіктерін паш етті. Олардың арасында Калашников автоматын бөлшектеп, құрастыру, белтемірге тартылу, орнында тұрып ұзындыққа секіру, серіппедегі күштік жаттығулар, бұлшық етті қатайту, жалпыәскери қорғаныс костюмін уақытқа кию, бастапқы медициналық көмек көрсету және қыз балаларға арналған күштік жаттығулар кешені.   Араларында қыздар да бар мектептердің 216 оқушысы нағыз сайыста күш сынасты. Оңтүстік Қазақстан облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінде айтқандай, қатысушылар нағыз әскери қызметшілерге тән нәтижелер көрсетті. Нәтижесінде спорттың 6 әскери-қолданбалы түрінде бірінші орынды иеленген Арыс қаласының командасы жеңімпаз атанды. Екінші орынды Кентау қаласының оқушылары еншіледі. 1 ұпай айырмашылықпен Түркістан қаласының оқушылары үшінші орынға тұрақтады. Әр аталымда жеңімпаздарға кубоктар, грамоталар және бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"