Жамбылдықтар әскерге баруға дайындалуда

Жамбыл облысында 2018 жылдың күзгі мерзімді әскерге шақыруға жататын азаматтарды іріктеу және алдын-ала зерделеу жұмыстары басталды.

Жастары 18-ге толған азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы негізінде жылына екі рет шақырылады. Сонымен қатар, азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру және олардың әскерге шақыру пункттеріне келуі туралы хабардар етуді тұрғылықты жері бойынша жергілікті әскери басқару органдары шақырту қағазымен немесе жұмыс (оқу) орны бойынша ұйым басшыларының қолдарын қойғыза отырып жүргізеді.

Мерзімді әскери қызметке шақыруға Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды жасақтау үшін қажетті санда он сегіз жастан жиырма жеті – жасқа дейінгі, әскерге шақыруды кейінге қалдыру немесе одан босатылу құқығы жоқ азаматтар жатады.

Жамбыл облысында 2018 жылдың 10 шілдесінен бастап 28 қыркүйегі аралығында әскерге шақырылушыларды зерделеу жұмыстары болады.

Зерделеу 2 кезеңнен тұрады. Бірінші кезең – алдын-ала іріктеу үшін әскерге шақырылушылардың жеке ісі тексеріледі және олардың ата-аналарымен, сондай-ақ ол жұмыс жасайтын немесе оқитын оқу орындарының өкілдерімен әңгімелесу жүргізіледі. Жеке әңгімелесу барысында әскерге шақырылушының моральдық сапасы, денсаулық жай-күйі, дене дайындығы, жалпы білімі мен арнайы дайындығы, отбасы жағдайы анықталады. Әскерге шақырылушылардың жеке ісін сапалы зерделеу үшін Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен ішкі істер органдарының, денсаулық және халықты әлеуметтік қорғау органдарының өкілдері бірлесіп жүргізеді.

Екінші кезеңде әскерге шақырылушылар қалалық және аудандық әскери-медициналық комиссиядан өтеді. Содан кейін Қарулы күштердің қандай түріне және әскери бөлімдерге баратындығы анықталады.

Әскерге шақырылушыларды медициналық куәландыру тәртібі және медициналық комиссиялардың құрамы Әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес айқындалады.

– Жоғарыда аталған жұмыстардың барлығын Жамбыл облысының жергілікті әскери басқару органдары жүргізеді. Мерзімдік әскери қызметке биылғы жылы күзде облысымыздан мың бесжүзге жуық азамат қызмет етуге барады. Әскери борышын өтеуге ниет білдіруші жастар көбеюде. Әрбір азамат кез келген уақытта Отан қорғауға қабілетті, өз елінің патриоты болуы тиіс. Сондықтан Отан алдындағы борышты өтеу әр азамат өз парызым деп түсінгені жөн, - дейді Жамбыл облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаменті баспасөз қызметінің басшысы, аға лейтенант Қалдыбеков Исламбек.

 

                                                                                             Асхат РАЙҚҰЛ

 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"