Энергетикалық қадағалау бойынша жиын

Энергетикалық қадағалау бойынша жиын

Жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес ҚР ҚК Арнайы әскерлер бас басқармасының жетекшілік етуімен Қапшағайдағы инженерлік әскерлер орталығының базасында гарнизондарды энергетикалық қадағалау штаттан тыс инспекторларымен жиын өткізілді.

Жиынды өткізу кезеңінде  теориялық және практикалық сабақтарөткізілді. Оның барысында оқып-үйренушілерге энергетикалық қадағалау бойынша басшылық және пайдалану құжаттарының талаптары, штаттан тыс инспекторлардың жұмысын ұйымдастыру қағидалары, оның ішінде, олардың құқықтары мен жауапкершілігі жеткізілді.  Одан басқа, электр станцияларын есепке алу, есептілігі мен есептен шығарылу тәртібі бойынша сабақтар өткізілді. Электр жабдықпен жұмыс жасау өмір үшін жоғары деңгейдегі қауіппен байланысты қызмет болып табылады. Осыған орай, электр құрылғылары мен электр аспапты пайдалану кезінде қауіпсіздік техникасының ережелері мәселелеріне, сондай-ақ зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету ережелеріне айрықша назар аударылды. Аталмыш талаптардың сақталуын тексеру энергетикалық қадағалау бойынша штаттан тыс инспекторлардың жұмысының маңызды мәселелерінің бірі болып табылады. Оқып-үйренушілерге әртүрлі қуаттылықтағы бензиндік және дизельдік электр агрегаттары ұсынылды. Оларға қондырғылардың техникалық жай-күйін тексеру әдістемесі, жылжымалы электр станцияларын пайдалану тәртібі мен әртүрлі климаттық жағдайларда оларды пайдалану ерекшеліктері көрсетілді. Жиын аяқталысымен барлық қатысушылар сынақтарды сәтті тапсырып, электр станциялары мен электр агрегаттарды есепке алу мен пайдалану қағидаларының сақталу тәртібі бойынша олардың білімін растайтын куәліктер алды. Аталмыш жиын ҚР Қарулы Күштерінде электр қондырғыларды есепке алу және падалану қағидаларын бірыңғай ұғынуға ықпал етеді. Бұл гарнизондардың энергетикалық қадағалау жөніндегі штаттан тыс инспекторларға аталған мәселе бойынша әскери бөлімдердің жұмысын анағұрлым тиімді қадағалау мен ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Жазғы оқыту кезеңінің басталуы қарсаңында жиынға қатысушылар іс жүзінде алған білімдерін өз гарнизондарының әскери бөлімдерінде аталған қағидалардың сақталуын тексеру арқылы пайдалана алады.  


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Семь граней Великой степи

Семь граней Великой степи