Елбасымыз – көреген дара тұлға

Елбасымыз – көреген дара тұлға

   1 желтоқсан – Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні Семей өңірлік гарнизоны әскери полициясының жасағы мен Семей қаласы орталық кітапханасының ұжымы бірігіп «Елбасымыз – көреген дара тұлға» портреттік кешін өткізді.

1991 жылы 1 желтоқсанда бүкілхалықтық сайлау нәтижесінде еліміз өзінің тұңғыш Президентін сайлады және осы күннен тәуелсіздік тарихы басталды. 2011 жылғы 14 желтоқсанда мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» ҚР Заңына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Онда 1 желтоқсанда аталып өтілетін жаңа мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін белгілеу көзделген болатын. Қазақ елінің тәуелсіздік алғаннан бергі бағындырған шыңдары жетерлік. Тарих үшін қас-қағым сәт болғанымен, аз уақыт ішінде буыны енді беки бастаған ел әлемдік деңгейдегі алпауыттармен иық тірестіріп, тың бастамаларға ұйытқы бола алатындығын да паш етіп отыр. Міне, осындай ауқымды шаралардың басы-қасында жүрген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегі ерен екендігі сөзсіз.

   1 желтоқсан – Қазақстанның Тұңғыш Президенті күніне арналып Семей қаласы орталық кітапханасында ұйымдастырылған шарада Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың еңбектері, өскен, білім алған ортасы, қызмет атқарған кездері, сондай-ақ, әлемдік саясаттағы беделі туралы мол мәлімет жеткізілді. Жасақтың талдау және жоспарлау бөлімшесінің бастығы подполковник Әділет Жұмағали, гауптвахта маманы кіші сержант Ернұр Еркінтаев, Семей қаласы жастар ресурстық орталығының директоры Олжас Соғымбай, «Жас Отан» жастар қанатының жетекшісі Жомарт Рятов Тұңғыш Президент күнінің маңыздылығына жан-жақты тоқталды. Шараға жасақ қызметкерлері, Қазақ инновациялық гуманитарлық заң университетінің «Жастар саясаты» орталығының мүшелері, көлік жол колледжінің студенттері де қатысып, Ақерке Есбатыр мен Қалжан Сараның орындауындағы әндерге көпшіліктің көңілі толды. Кеш соңында «Бір Отан. Бір тағдыр. Бір Елбасы» тақырыбында кітап көрмесі де ұйымдастырылды.

 


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Семь граней Великой степи

Семь граней Великой степи