Елін қорғаған нәзік жандылар

Елін қорғаған нәзік жандылар

Қазіргі таңда Жамбыл облысының жергілікті әскери басқару органдарында 15 қыз-келіншек әскери қызметін ойдағыдай атқарып жүр. «Ер – үйдің егесі, әйел – үйдің шегесі» дегендей, темірдей тәртіпті талап ететін әскери салада, нәзік жанды әскери қызметшілеріміз ұжымды ұйытып, ауызбіршілігін қамтамасыз етіп отыр. Әйел әскери қызметшілер өздеріне жүктелген жұмыстарды атқаруда кәсібиліктері мен тиянақтылықтарын көрсетіп, қызметтік міндеттеріне адалдықтарын танытып, әріптестеріне үлгі болып келеді. Қоғамдық өміріне, мәдени-демалыс шараларына, жеке құрамның оқу-тәрбиелік үдерісіне де белсене араласады.

Сол қыз-келіншектердің бірі ретінде Жамбыл обылсының қорғаныс істері жөніндегі департаментінде әскери қызмет атқаратын майор Раушан Қарғашқызы Акпарова жайында айта кетуді  жөн көрдім.
Майор Р.Акпарова өз өмірін әскермен туған жері Жаңатас қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінде азаматтық қызметкер лауазымынан бастап ұштастырған. Сол кезден бастап ол өзіне «Әскери қызметші болам», -  деп  мақсат қояды. Раушан арманына жету үшін күн, түн демей ерлермен бірдей қызмет етіп, сол еңбегінің арқасында азаматтық қызметкер лауазымынан «офицер» лауазымына көтерілді.
ҚР «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» заңы бойынша  ер әскери қызметшілермен бірдей қызмет орнын бір ғана әскери органда емес, лауазымына сай әскери гарнизондарды ауыстырып, қазіргі таңда Жамбыл облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінде  қызметін атқарып жүр. Бұның алдында Алматы қаласындағы Жетісу ауданының қорғаныс істері жөніндегі басқармасында, содан кейін Жамбыл облысы Тараз қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасында бірнеше лауазымдық міндеттерін атқарды. Офицердің өмірі тұрақты болмағанына қарамастан, нәзік жанды Раушан ханым өзінің еңбек еткен ұжымдастарының алдында әрқашан абыройлы және сыйлы офицер ретінде өзін көрсете білген. Бұрын қызмет еткен ұжымдастары ол туралы тек қана жылы лебіздерін білдіріп, қазіргі қал жағдайын сұрап тұрады.  
«Өмірдің ағысымен жүрдім деп айта алмаймын. Өйткені, табиғатым солай болды ма, қатал да ауыр болса да осы саланы жаным қалады. Бар арман-мақсатым сапта тұрып, қару ұстау болды. Бұл – қазақ қыздарының бойына бітетін қайсарлықтың нышаны шығар деген ойдамын. Бастапқы да қиналдым, ал қазір тәжірибем де бар әрі бәрін дерлік меңгеріп үлгердім. Өзімнен кейінгілерге үйретіп те жүрмін» , дейді кейіпкеріміз.
Акпарова ханым әскери органда қызмет етуінің алғашқы күнінен бастап, берілген тапсырмаларды дер кезінде, тиянақты орындап, өз ісіне жауапты, ұқыпты,  өз ісін жетік білетін қызметкер ретінде көрсете білген. Раушан,  өте қарапайым,  ұйымдастырушылық қабілеті бар, тәжірибелі, білгенін бағыныстыларына үйретуден жалықпайтын ару және әскери қызметші. Қол жеткізген нақты нәтижелері үшін  мақтау қағаздарымен бірнеше рет марапатталды.
Аға лейтенант Исламбек ҚАЛДЫБЕКОВ Жамбыл облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің
баспасөз қызметінің бастығы



Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

"Глаза разведчика": оптические приборы казахстанского производства

"Глаза разведчика": оптические приборы казахстанского производства