Еліміздің Тұңғыш Президентінің Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін қалыптастырудағы және құрудағы рөлі

Еліміздің Тұңғыш Президентінің Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін қалыптастырудағы және құрудағы рөлі

Тұңғыш Президент – Жоғарғы Бас қолбасшы Нұрсултан Әбішұлы Назарбаев шын мәнінде бірегей басшы, ол саяси күрестің от жалынында шыңдалды. Жігерлі, талантты, мақсатына қол жеткізуде қайратты, тарихқа тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті ретінде кірді.

Біздің жас республикамыз жас екеніне қарамастан, 1991 жылы ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде үлкен табыстарға қолжеткізді, құлаған «Кеңес Одағы Қарулы Күштерінің» жаңғырығында белгісіздік, үрей мен сенімсіздік жағдайларында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің тарихы қалана бастады.

Дәл бүгін 25 жыл өткеннен кейін Қарулы Күштер Тұңғыш Президенттің қазіргі заманғы Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін құрудың алғашқы және кейінгі жылдары қабылдаған шешімдеріне адал болуды және олардың тарихи маңыздылығын жете түсінуде.
Мемлекет басшысының феномені, оның стратегиялық пайымдаушылығы, сындарлы ішкі және сыртқы саясаты қоғамды алаңдаушылықтардан, ал елді құлдыраудан сақтап қалды, өтпелі кезеңнің барлық қатерлері мен қиын-қыстауларынан өтуге мүмкіндік берді. Тарихи өлшемдер бойынша қысқа кезеңде Қазақстан әлемнің ең бәсекелестікке қабілетті 50елі қатарына сенімді кірді, халықаралық қауымдастықтардың толыққанды мүшесі болды, қарқынды даму, тұрақтылық пен келісімнің үлгісі бола білді.
Президенттің «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін құрудағы» бірегей формуласы мен рөлі бүгінгі күні одан сайын бірегей болуда. Нұрсұлтан Әбішұлының жігері мен стратегиялық пайымдауы еліміз үшін, сонымен қатар, Қарулы Күштер үшін де пәрменді шешім болды. Қазақстан өз мемлекеттік шекарасын заңды түрде ресімдеу мен белгілеу жөніндегі мәселелерді шешті, өз аумағының барлық периметрі бойынша достық көршілік жолағын қалыптастырды.
Шекараны демаркациялау мемлекеттің сындарлы халықаралық саясатының және Елбасы – Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тікелей беделінің және күш-жігерінің арқасында мүмкін болды. Бұл тәуелсіздік жылдарындағы ел тарихындағы баға жетпес жетістіктердің бірі болып табылды.
Елбасының келіссөздер процесіне дербес қатысуының, тәуелсіз мемлекет ретінде Қазақстан Республикасы дипломатиялық корпусы ынта-жігерінің арқасында тарихта алғаш рет заңды түрде ресімделген мемлекеттік шекараға ие болды.
Одан басқа, Қазақстан мемлекеттік шекара периметрі бойынша орналасқан барлық елдермен мәңгілік достық және ынтымақтастық туралы шарттарға қол қойып, ратификациялады.
Кез келген мемлекеттің егемендігін қамтамасыз етудің маңызды да мызғымас атрибуты қазіргі заманғы, ұтқыр да кәсіби даярланған армияның болуы болып табылады.
Еліміздің Тұңғыш Президентінің парасатты, нақты да көпжақты саясатының арқасында еліміз әлемдік жүйеде лайықты орнын тапты, маңайында тиімді халықаралық ахуалқалыптастырды, әлемнің озық елдерімен саяси, экономикалық, әскери және мәдениет салаларында ынтымақтастық орнатты.
Оның қалыптасу тарихына тереңірек үңілетін болсақ, ол көптеген қайшылықтар мен проблемалардан тұрған өте қиын кезең еді. Бір ғана қалт кеткен қадам бұлтартпас жағдайға әкелетін еді. Қарулы Күштердің Кеңес Одағының құлдырауынан кейін сондай заманды басынан өткерген әскери қызметшілер мен ардагерлер оны жақсы біледі. 90-шы жылдардың басында республикамыздың аумағында шамамен 200 мың әскери қызметшісі бар үлкен әскер тобы шоғырланды.
Нұрсұлтан Назарбаевтың көзқарасының прагматизмі қиын-қыстау сәттерде шешім тауып, бұрынғы бірқатар кеңес елдері басынан өткерген қателіктерді жібермеуге жол берді. 1992 жылғы 7 мамыр. Сол 25 жыл бұрын барлығын жаңа қыр көрсетулер мен Қазақстанның мүддесінде өмірлік маңызға ие қатерлері бар қиын да қарқынды өзгеріп отыратын саяси және жедел-стратегиялық жағдайларда іс жүзінде жаңа парақтан бастап, қалыптастыру қажет болды. Мұның барлығы басшылықтан әскери қызметші жеке құрамнан ізгілік өзекті және жағдайды дұрыс түсінуді, басты басымдықтарды уақтылы айқындауға және Қарулы Күштерді жетілдіруге біліктілікті талап етті.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың ерекше еңбекқорлығы мен жігері, дарындылығы мен керемет интуициясы сол кезеңде әскери құрамдасты дамыту перспективаларын нақты айқындай білді. Бұл ретте замануи талаптарға сәйкес құрамы шағын, ұтқыр ды біліктілігі жоғары армия болу керектігін атап өтті.
Әрине, Қарулы Күштер жоқ жерден, жауапты бағытта құрылған жоқ, олар жаңа тарихта мүлдем жаңа елде құрылды. Сол кезеңдердегі проблемаларға, құқықтық базаның және әскери құрылыс тәжірибесінің жоқтығына, өтпелі кезеңнің жан-жақты қиын-қыстауларына қарамастан, бізге қысқа уақытта егеменді мемлекеттің қорғаныс қабілетінің нышандарын құрдық. Сол заманның басты – жеке құрамды, техника мен қару-жарақты, ауқымды материалдық құндылықтарды сақтап қалу міндеті орындалды. Бұл Елбасы – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысының зор үлесі. Ол Қазақстан Республикасының егемендігі мен ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бірінші кезектегі басымдық екенін әрқашан атап өтеді. Армияны жаңғыртумен қатар Елбасы әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерді де шешуді естен шығарған жоқ. Президент жеке басының үлгі-өнегесімен офицерлер мен сарбаздар санасына армияның, жалпы елдің болашағына сенімділікті ұялата білген әскердің патриоттық рухын көтерді.
1991 жылғы 29 тамызда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жарлығымен әлемдегі ірі Семей ядролық сынақ полигоны жабылды. Бүгінгі күні бүкіл әлемде 29 тамыз Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні болып аталып өтіледі. Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан ядролық державадан жаһандық қарусыздандыру мен оны таратпау еліне айналған қарбалас өмірді басынан кешірді. Елбасының арқасында республикамыз ядролық арсеналдар проблемасын басынан кешірген басқа елдерге дұрыс жол көрсете білді.
Нұрсұлтан Әбішұлы бүгінгі күні басқа дәстүрлі көздерге қарағанда анағұрлым тиімді болып табылатын ядролық энергетиканы дамыту өзектілігіне уақтылы назар аудара білді. Ірі уран өндіруші ел ретінде Қазақстан әлемдік энергетикада маңызды рөл атқара алады және атқаруға дайын.
Мемлекет басшысының бастамасы бойынша біздің еліміз «жасыл» дамуға жаһандық трендті қолдайды, Астанада «Болашақ энергиясы» тақырыбына арналған «ЭКСПО – 2017» халықаралық көрмесін өткізу оны кезекті растау болып табылды.
Сол кезде заманның қиын жағдайларына қарамастан, біздің Президент бұрын бірыңғай тұтас болған мемлекет үшін бірыңғай экономикалық және қорғаныс кеңістігін құрудың маңыздылығы мен қажеттілігін айқын түсінгенін атап өту қажет.
Бірінші күннен бастап оның ұмтылыстары бұрынғы КСРО республикаларымен тығыз байланысты сақтауға, әлемнің негізгі елдерімен тең құқықтық өзара тиімді қарым-қатынастарды орнатуға, жаһандық, өңірлік қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған болатын.

Сонымен қатар, сол жылдардың бірқатар оқиғаларында Кеңес Одағынан кейінгі кеңістікте ұжымдық қауіпсіздік жүйесін құрудың және 1992 жылғы 15 қаңтарда Ташкент қаласында ТМД-ныңбеселі басшысының тиісті Шартқа қол қоюының маңызы зор болды, онда қатысушы мемлекеттер мемлекетаралық қатынастарда күш қолданудан қалыс қалуға және өзара және басқа мемлекеттермен барлық келіспеушіліктерді бейбіт жолмен шешуге міндеттенді.
Қазақстан Республикасының Президенті – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев танытатын бастамалар әлемнің озық мемлекеттерінің басшылары және халықаралық ұйымдар басшылары тарапынан Қазақстанға мұқият назар аударуына себеп болды, әртүрлі халықаралық сұхбат алаңдарында қолдау тапты. Елбасының басшылық етуімен біздің республика қысқа уақыт аралығында сыртқы саясат саласында айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді, халықаралық қоғамдастықтың беделді және жауапты мүшесі болды.
Нұрсұлтан Назарбаевтың өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған сыртқы саяси бастамалары қолдау тапты және бүгінгі күні БҰҰ, ЕҚЫҰ, ИЫҰ, ШЫҰ, ТМД, ЕурАзЭО, ҰҚШҰ, басқа мемлекетаралық бірлестіктер сияқты өңірлік халықаралық құрылымдар шеңберінде табысты іске асырылуда.
1992 жылғы 2 наурызда Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымына кіруінің тарихи маңызы зор. БҰҰ Бас Ассамблеясының 46-шы сессиясында Қазақстан Республикасы БҰҰ-ға 168-ші мүше мемлекет болып, Ұйымға мүше ретінде бірауыздан қабылданған болатын.
Ұйымға мүшелік ету жылдары ішінде біздің ел халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдауға, тұрақты дамуды қамтамасыз етуге, қазіргі заманның ізгілік және экологиялық проблемаларын шешуге елеулі үлес қосты.
Биыл Қазақстан 2017 – 2018 жылдарға БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болды, бұл Қазақстанды бүкіл әлемнің тануына ықпал етті, оның халықаралық қатынастарда сенімді серіктес ретінде беделін нығайтты.
Қазақстан Президентінің бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау жөніндегі мәселелерді шешудегі күш-жігері туралы айта келе, әлемдік қауымдастықтың оң бағалауын алған 2003 – 2008 жылдар кезеңінде Қазақстан контингентінің Ирактағы коалицияның тұрақты күштері құрамындағы қатысуын еске алу қажет.
Мемлекет басшысы өзінің конституциялық құқығын іске асыра отырып, өзінің ҚР Парламентіне Үндеуінде Қазақстан Қарулы Күштері офицерлерінің Біріккен Ұлттар Ұйымының миссиясындағы бағытының қазіргі заманғы кезеңде біздің еліміздің ұлттық мүдделері мен қауіпсіздігі тұрғысынан стратегиялық маңызы бар екенін атап өтті. Сонымен, біздің мемлекет жаңа «БҰҰ бітімгершілік күштерінің елі» мәртебесіне ие болып отыр. Ауқымды жұмыс атқарылды, біріккен қолбасшылықпен көп ұлтты күштер құрамында міндеттерді орындауға мүмкіндік беретін жедел үйлесімділікке қол жеткізумен «Қазбат» арнайы бітімгершілік батальоны құрылды. Біздің бітімгерлеріміздің кәсіби және жауынгерлік шеберлігі шетел мемлекеттері басшылығының және коалициялық күштер қолбасшылығының жоғары баға алуына ие болды.
Бүгінгі күні Астана халықаралық және жаһандық қауіпсіздік, экономика, қаржы, мәдениетаралық және дінаралық диалог мәселелері жөніндегі шешімдер талқыланатын және қабылданатын халықаралық орталықтардың бірі болғанын сенімділікпен айтуға болады.
Астана Сириядағы жанжалды реттеу жөніндегі диалог үшін алаң болды. Елордада Сирия бойынша бірнеше жоғары деңгейлі халықаралық кездесулер өтті, бұл ретте Астана алаңы Сириядағы дағдарысты реттеу жолын іздеу бойынша Женевадағы процеске толықтыру болып табылады.
Челябинскідегі 14-ші Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастығы форумында Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин Нұрсұлтан Әбішұлына Астанада Сирия бойынша халықаралық кездесулер өткізуге зор үлес қосқаны үшін алғысын айтты, бұл ретте көп жағдайда Астанадағы процестің арқасында осы елдегі дағдарысты жылдам шешуге, сириялықтардың саяси реттеу процесін қолданысқа енгізу туралы уағдаластықтарға қол жеткізуіне мүмкіндік туындағанын атап өтті.
Сонымен, Президенттің табысты сыртқы саясаты Қазақстанға ішкі саяси міндеттерді іске асыруға мүмкіндік беріп қана ғана қоймай, сонымен қатар бүкіл әлемдік қоғамдастыққа Қазақстан жанжалдарды бейбіт жолмен реттеуді және халықаралық қауіпсіздікті нығайтуды жақтаушы болып табылатынын көрсетті. Әдетте, көрнекті жеке тұлғалар мен нағыз көшбасшылардың өздерінің жетістік құрамдастары болады. Олардың әрқайсысының өзінің жолы, шыңға шыққан ерекше жолы бар, көп жағдайда ол кедергілерден өтуге толы болады. Табиғат мұндай адамдарға қабілет пен дарын береді, бірақ оларды жеңіске жеткізетін мінездің ең маңызды қасиеттерін олар өздері ғана дамытады. Бірнеше жыл бойы мен ерекше және дарынды адам – Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен бірге бір «алдыңғы қатарда» болу бақытына ие болдым.
Бірегей және дарынды адам Қарулы Күштердің Жоғарғы бас қолбасшысымен танысқан және жұмыс істеген алғашқы күндерден бастап мен үшін және Қарулы Күштердің барлық жеке құрамы үшін өз Отанына адал қызмет етудің жарқын үлгісі болды. Маған, әскери ұшқышқа, еліміздің қорғаныс ведомствосын басқару ұсынылған сәтті ерекше сезіммен еске аламын, мен оның басшылығымен жұмыс істеу мүмкіндігін бергені үшін тағдырыма шексіз ризамын.
Қарулы Күштерді басқару жүйесі қысқа мерзімде құрылғанын айтып өту қажет. Оларға әскери-саяси басшылық жасауды Қазақстан Республикасының Президенті – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы жүзеге асырады.
Қиын да күрделі мемлекеттілікті қалыптастыру және нығайту жылдары елде экономикалық және саяси реформалар жүргізе отырып, Президент әскери құрамдастың даму саласындағы тек экономикалық, саяси рөлі мен стратегиялық маңызын ғана емес, сонымен қатар әскери әлеуетін де баса көрсетуге ұмтыла отырып, әрқашанда әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне мұқият назар аударып келеді.
Бүгінгі күні Қазақстанның ұтқыр және кәсіби даярланған армиясы бар екенін мақтанбай айтпауға болмайды. Қазақстан Қарулы Күштерінің қазіргі жетістіктерін, ең алдымен, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен байланыстырады. Қарулы Күштерді қалыптастыру мен дамытудағы оның рөлі шексіз. Сол жылдардағы оқиғалардың тікелей қатысушысы және ел Президентінің Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы ретінде әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қабылдаған күрделі шешімдерінің куәсі бола отырып, мен толық жауапкершілік сезімімен оны өз елінің ұлттық мүддесін бәрінен жоғары қоятын мемлекетке берілген адал адам деп айта аламын.
Армияны құру басталғанда көптеген проблемалар мен міндеттер болды, бірақ біз өзіміздің толассыз жұмысымызда Жоғарғы Бас қолбасшының қолдауын әрқашан сезіндік. Әскери ретінде мені, шетелдік әріптестерімді, ең алдымен, оның стратегиялықтан тактикалық деңгейге дейін әскери мәселелерді терең және нақты түсіне білуі таң қалдырады.
Тәуелсіздік басталғанда және бүгінгі күні қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі басымдық біздің саяси қызметімізге тиесілі екені сөзсіз, бұл ретте Президент Қарулы Күштерді құру және жаңғырту, олардың кәсіби даярлығы мен жауынгерлік әзірлігі деңгейін арттыру, қазіргі заманғы қару-жарақ құралдарымен жарақтандыру мәселелеріне, әскери қызметтің беделін арттыру үшін бірінші кезектегі маңызға ие әскери қызметшілерді әлеуметтік қамтамасыз ету мәселелеріне үлкен назар аударады.
Президент әскери қызметшілермен кездесулерде «берілген бағыттан ауытқымай, бес қаруың сай болсын» деген кеңес береді, яғни бұл Отанды қорғауға әрқашан дайын, жауынгерлік әзірлікте және жауынгерлік қабілетті бол деген сөз.
Мемлекет басшысы әртүрлі шешімдерге бейімделе білу керектігін және ұлттық мүдделерге зиян келтіруі мүмкін қатерлерді барынша қысқа режимде анықтай білу керектігін атап өтті. Уақыт әлеуеметтік қарым-қатынастарға бейімделуді және оларды қарқынды түрде виртуалдандыруды талап етеді. «Араб көктемі» сияқты және басқа да теріс әсер ететін тренділер бүкіл дүниежүзіне тез таралу және санаулы сағаттарда ахуалды тұрақсыздандыру мүмкіндігіне ие.
Сол себепті Мемлекет басшысы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауында «қауіпсіздік жай-күйі күшті және әрекетке қабілетті мемлекеттің өлшемі» болып табылатынына тағы да баса назар аударып өтті. Біздің еліміздің тап болуы мүмкін жаңа жаһандық қатерлердің арасында Президент кибертехнологияны ерекше атап өтті және «Қазақстанның кибер қалқаны» жүйесін құру бойынша шаралар қабылдауды тапсырды. 2017 жылғы 11 шілдедегі Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы да осы тақырыпқа арналды. Мұнда Мемлекет басшысы елдегі және әлемдегі террористік топтардың құрылымды бұзатын қызметінің салдарларына назар аударды, оларға қарсы тиімді жұмыс жасау керектігін атап өтті. Бұл Мемлекет басшысының ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ауқымды тапсырмалары мен нұсқауларының бір бөлігі ғана деуге болады.
Біздің еліміз үшін шын мәніндегі тарихи оқиға Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың 2017 жылғы 26 қазанда «Қазақ тілінің әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Жарлыққа қол қоюы болды. Осы тарихи шешім қазақстандықтардың жүрегін ыстық лебізге толтырды. Бізге белгілі болғандай бұл мәселеге Мемлекет басшысының «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламалық мақаласының маңызды тармақтарының бірі арналған. Қазақ жазуын латынға көшіру «Рухани жаңғыру», «Туған жер», «Сакральды география» және «Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы» маңызды бағдарламаларымен қатар күн тәртібінің негізгі тақырыбы болды. Латын графикасымен болашақ, міне біз жаңа дәуірге қадам басамыз. Мемлекет басшысы нақты мақсат – ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына кіруді атап көрсетті. Арсеналында 42 әріп бола тұра, әлемдік деңгейге қадам басу мүмкін емес. Ал жаңа әріп қатары әлемдік қауымдастыққа ықпалдасу міндетін анағұрлым жеңілдетеді.
Кез келген ауқымды іс сияқты қазақ тілі әліпбиінің латын әліпбиіне көшуі уақыт пен күш жұмсауды талап етеді. Қиындықтар тууы мүмкін. Оларды жеңетінімізге сенімдімін. Қазір бәріміз басталған процеске жұмыла жәрдемдесуге тиіспіз.
Қорытындылай келе, Мемлекет басшысының жас мемлекетті әлемдік қауымдастықта лайықты орынмен, бұл ретте елдің тұтастығын, әлеуметтік және саяси тұрақтылығын, қоғамдық келісімді сақтай отырып, экономиканың даму траекториясын дамушы елдердің қатарына шығаруды қамтамасыз еткенін атап өткім келіп отыр, бұл оңай міндет емес.
Мұндайға тек тарих толқынын өзгертуге қабілетті таңдаулы адамдар ғана төтеп бере алады, бұл жағдайда Нұрсұлтан Әбішұлы көптеген елдердің көшбасшылары үшін теңдесі жоқ үлгі болып табылады.
Ел Президенті – табысты мемлекет басшысының барлық қасиеттері бойынан табылатын дүниежүзілік масштабта танылған Көшбасшы, қазіргі заманның көрнекті саясаткері. Көп жағдайда оның реформалық қызметінің және халықаралық бастамаларының арқасында бүкіл әлем Қазақстанды және өмірге деген ауқымды және инновациялық көзқарасы бар, өз Отанына деген сүйіспеншілігі зор адам ретінде оның Көшбасшысын біледі және құрметтейді. Біз үшін ол халықтар бірлігінің, мемлекеттік биліктің және негізі берік Конституцияның символы және кепілі болып табылады.

Армия генералы, Халық Қаһарманы Мұхтар АЛТЫНБАЕВ

Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Итоги "KADEX - 2018"

Итоги "KADEX - 2018"