Еліміздің теңіз шебін қорғауда

Генерал С.Қ. Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» мектебінде Қазақстан Республикасының Әскери-теңіз күштерінің құрылғанына 26 толу мерекесіне орай «Еліміздің теңіз шебін қорғауда» тақырыбында кеш өтті.

        Әскери-теңіз күштерінің қалыптасу жолдарын және оның маңызын мектеп тәрбиеленушілеріне түсіндіру мақсатында ұйымдастырылған шарада тәрбиеленушілер мектебіміздің 2005 жылғы түлегі капитан-лейтенант Батықов Ардақ Нұрлыбайұлымен кездесті.

Капитан-лейтенант Ардақ Батықов мектепті бітірісімен Ресей федерациясының Санкт-Петербург қаласындағы Әскери-теңіз институтына оқуға түсіп, одан соң еңбек жолын Ақтау қаласындағы ҚРҚК ӘТК гидрографиялық қамтамасыз ету қызметі 25425 әскери бөлімінде гидрографиялық бөлімінің бастығы қызметінен бастаған. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Әскери-ғарыш бағдарламалар орталығы жоспарлау бөлімінің аға офицері қызметін атқарады.

Кездесу барысында капитан-лейтенант А. Батықов тәрбиеленушілерді мамандықты дұрыс таңдауға, отансүйгіштікті бойларына сіңіруді, Қарулы Күштер қатарындағы қызмет – әр қазақстандықтың қасиетті міндеті, аға буындардың батырлық және жауынгерлік дәстүрлеріне негізделген патриотизмнің қуатты өнегелі мектебі екендігін айтты. Сонымен бірге Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің құрылғанына 26 жыл толу барысында бүгінде бұл сала нендей жетістіктермен мақтана алады, кемешілер мойнына артылған жүк қандай, олардың әлеуметтік жағдайына қаншалықты көңіл бөлінген сынды сұрақтар төңірегінде де ой өрбітіп, өз тәжірибесімен бөлісті.

Кеш барысында мектеп тәрбиеленушілері мектеп түлегінің әңгімесін, ақылын қызыға тыңдай отырып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды.

Соңында кездесуден үлкен әсер алған тәрбиеленушілер естелікке суретке түсіп, дән риза болып тарасты.

 

Капитан М. Смағұл


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Семь граней Великой степи

Семь граней Великой степи