Экологиялық акцияға атсалысты

Экологиялық акцияға атсалысты

Әскери қызметшілер "#Birge - #TazaQazaqstan" акциясын белсенді түрде қолдады.

Нұр-Сұлтан қаласында су қоймалары мен табиғи объектілерді санитарлық тазарту жөнінде экологиялық акция өткізілді. Оған Қорғаныс министрлігінің  басшылығы, сондай-ақ Ақмола гарнизоны əскери бөлімдері мен мекемелерінің əскери қызметшілері қатысты.

Акция барысында Ақмола гарнизонының əскери қызметшілері елорда маңындағы "Сарыоба өзенінің маңындағы су қоймаларын, табиғи объектілерді тазартуды  жүргізді. Қарулы Күштердің əскери қызметшілері елде болып жатқан барлық оқиғалардың маңыздылығын ұғына отырып, өздерінің істерімен елорданың əрі қарай дамуына үлес қосуда. "#Birge - #TazaQazaqstan" акциясы 20  шілдеде ҚР экология, геология жəне табиғи ресурстар министрлігінің бастамасы бойынша бастау алғанын естеріңізге сала кетейік. Акция аясында Есіл және Қарасу өзендері маңындағы аумақты тазарту жалғастырылады. Қоянды су қоймасында өткен бірінші экосенбілікте 10 тоннадан аса қоқыс жиналды жəне 1200-ден аса адам тартылды.


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Семь граней Великой степи

Семь граней Великой степи