Ежелден еркіндіктің жалауын тіккен елміз!

Ежелден еркіндіктің жалауын тіккен елміз!

Тамырын тереңге жайған тарихымызға көз жіберер болсақ, сананы талай ой тұңғиығына батырып, көкейге талай сұрақтардың келетіні рас. Мысалы, «Біз кімбіз?», «Жұмыр жер бетінде қашан пайда болдық?», «Қай жерді мекен еттік?», «Тіліміз, мәдениетіміздің деңгейі қандай?».

Біз Өр Алтай мен Атыраудың арасын мекен еткен сақтан қалған сарқыты, ғүннан қалған жұрнағы, үйсіннің жүріп өткен ізіміз.. Біз қазақпыз!

Ақ білектің күші, ақ найзаның ұшы сынға түскен жаугершілік заманда, яғни, 1458 жылы Әбілхайыр хандығынан іргесін бөлген Жәнібек пен Керей сұлтан Моңғолстан жеріне Шу бойы мен Қозыбасқа алғаш.. Ең алғаш еркіндіктің ақ жалауын тіккен еді.

Он бес отауды біріктірген қара шаңырағымыз 1991 жылы ыдырады. Шығыстан алтын күн нұрын төгіп, еркіндіктің самалы есті. Көңіл көк аспанындағы қасірет бұлты сейіліп, әнші бұлбұл шаттықтың әнін шырқады.

О, өмірге жаңа сәби келді. Ол енді тәуелсіз елдің ұрпағы. Өлгеніміз тіріліп, өшкеніміз жанғанда, осы дүние есігін ашқан күнәсіз пенде. Тал бесіктен жер бесікке дейін өз қалауынша тіршілік етеді. Осы сәбидің күні ертеңгі тағдыры үшін боздақтарым жанын қиған. Асқақ арманға қол созып, бүгінгі бейбіт уақытты көре алмай кеткен асылдар қаншама?! Ағы мен қарасы, жақсы мен жаманы, жасығы мен жасампазы егіз ұғым болған жаңа ғасырда caп алтындай баға жетпес байлығымыз ұлт құндылығын берік сақтауымыз керек. Тәуелсіздігімізге мың тәубе деуді ұмытпайық!

 

ҚР ҚК қызметкері Р.ДӘУЛЕТОВА

 

35748 әскери бөлімі


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Итоги Вооруженных Сил РК в 2018 году

Итоги Вооруженных Сил РК в 2018 году