Десанттық-шабуылдау әскерлерінде жүктерді десанттау орындалды

Десанттық-шабуылдау әскерлерінде жүктерді десанттау орындалды

Салмағы 500 келіге дейінгі жүктерді десанттау парашюттік-жүк жүйелері-500 (бұдан әрі – ПЖЖ) платформасында С-295 әскери-көлік ұшағынан орындалды.

ПЖЖ стандарттық зауыт бумаларында салмағы 500-ден 1200 кг дейінгі жүктерді десанттау үшін арналған ұялы қағазды амортизаторы бар құрылғыдан тұрады. Оның жиынтығына 2 сериялы ПЖЖ-500 парашюттік жүйесі, салпыншақты жүйе мен платформа кіреді. Әуеден десанттау осы мақсаттар үшін арнайы жабдықталған әскери-көлік авиациясының ұшақтарынан жүзеге асырылады, ал десанттауға қатысатын лауазымды адамдар бекітілген бағдарламалар бойынша оқытылуы және әуеден десанттауды орындау үшін сертификатталған рұқсаты болуы тиіс. Осыған байланысты, 2018 жылы Қазақстан ӘӘК-нің әскери ұшқыштары мен Десанттық-шабуылдау әскерлерінің әскери қызметшілері санынан жинақтағыш мамандар Испанияның нұсқаушыларымен жүктерді десанттау бойынша дайындық курсынан өтті және Airbus Military С-295 ұшақ өндірушіден сертификатталған рұқсат алды. Десанттау сәтті өткенін және әрі қарай барлық ірі ауқымды оқу-жаттығуларда қолданылатынын айта кету қажет. 



Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Семь граней Великой степи

Семь граней Великой степи