Қазақстан Республикасында акрредиттелген әскери-дипломатиялық корпус елордалық Десанттық-шабуылдау бригадасының күнделікті қызметімен танысты.
Шетелдік меймандарды жауынгерлік даярлықтың барысымен, қару-жарақпен және әскери техникамен, десантшы жауынгерлердің экипировкасымен таныстырды. Құрметті қонақтар үшін таныстыру экскурсия өткізілді. Оның барысында олар авиациялық, броньды танкті және автомобильді техника мен зымыран-артиллериялық қару-жарақ экспонаттарының мұражайына барды.
Кездесу соңында әскери атташелер Десанттық-шабуылдау бригадасы әскери қызметшілерінің дайындық жүйесіне жоғары баға берді.