Даярлықтың қорытынды кеңзеңі өтіп жатыр

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің 97617, 10216, 44813 әскери бөлімдерінде зениттік зымырандық бөлімшелер есептоптары арасында достастық әскерлері арасындағы кәсіптік шеберлігі жағынан далалық машығы бойынша озат есеп топтарды айқындау үшін халықаралық «Аспан кілті - 2017» армиялық ойындарын дайындықтың қорытынды кезеңі жүріп жатыр.

2017 жылғы 15 маусым мен 20 шілде аралығында қатысушылар қару-жарақ пен әскери техниканы пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шаралары талаптары мен ережелерін, «Атыс ережелерін», «Жауынгерлік жұмыс жөніндегі құралды», «Позицияны ауыстыру жөніндегі құралды», «Зениттік басқарылатын зымырандардың байқаусызда ұшырылуына жол бермеу жөніндегі нұсқаулықты» білуі бойынша жарыстарға дайындалуда.

Теориялық сабақтар есеп топтардың жауынгерлік жұмыс нормативтерін орындау, С-300ПС ЗЗК жүйесінің жұмыс істеуін бақылау және ұрыс параметрлерін тексеру, әуедегі қарсыластың имитацияланған соққыларын тойтару, марш жасау және кешенді жорықтық және ұрыс жағдайларына ауыстыру бойынша іс жүзіндегі іс-әрекеттерімен ауысады.

«Аталған Халықаралық Армиялық ойындарына қатысу Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері жауынгерлік есеп топтарының кәсіби дәрежесін халықаралық деңгейде көрсетуге мүмкіндік береді» - деді Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Серік Исмаилов.

Зениттік зымырандық бөлімшелер есеп топтарының аталған даярлығы қорытындылаушы кезеңнен тұрады және 2017 жылғы 20 шілдеге дейін созылады. Олар аяқталған соң және дайындық нәтижелері бойынша халықаралық «Аспан кілті - 2017» сайысына қатысу үшін ең үздік есептоптар айқындалады.  

Бүгінгі күні Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Серік Исмаилов зениттік зымырандық бөлімшелері есеп топтарының халықаралық «Аспан кілті - 2017» ойындарына даярлық барысын тексерді. 

Биыл зениттік зымырандық әскерлері жауынгерлік есептоптары арасындағы далалық машық бойынша халықаралық «Аспан кілті 2017»  сайысы 185-ші жауынгерлік қолдану және жауынгерлік даярлық орталығы базасында (Астрахан облысы Ашулук полигоны) өткізілетінін естеріңізге саламыз. Осы жылы онда Қазақстан Республикасының, Беларусь, Қытай, Иран, Ресей Федерациясының және басқа да мемлекеттердің Қарулы Күштерінің зениттік зымырандық әскерлері жауынгерлік есептоптары қатысады. 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"