Дәстүрлі тілдер мерекесі Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналды

Қыркүйектің үшінші жексебісінде Қазақстан Республикасының халықтары тілдерінің күні 21742 әскери бөлімінде тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған дәстүрлі тілдер мерекесі ұйымдастырылып өткізілді.

Мерекелік іс-шара «Жаса, қазақ тілім!» атты әнмен ашылып, әскери қызметшілер арасында «Тілге құрмет – елге құрмет» атты 3 бөлімнен тұратын сайыспен жалғасты. Көрермендер егемен еліміздің ел қорғаны әскерлеріміздің мемлекеттік тілге деген құрметіне куә болды. Мемлекеттік тілді өз тілім деп санайтын  орыс ұлтының өкілдері үш сынанда мүдірмей өтті. Бауыржан Момышұлының өнегелі өсиетті сөздерін жатқа айтып қоймай, ол сөздерді күнделікті қызметінде  әрдайым қолданып отырамыз деп өз ұстанымдарын да айтып өтті. Сайыстың үшінші бөлімінде ҚР ҚМ ШБКТ-ның 2011 жылғы 18 ақпанындағы №59 бұйрығына сәйкес Елбасының «Мәңгілік ел» идеясы бойынша қысқаша өз пікірлерін жазып, оны қорғап шықты. Сайыстың соңында жеңімпаздар анықталып, сайысқа қатысқан өзге ұлт өкілдерінің барлығы марапатқа ие болды.

Даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлы «Баласына бесік жырын айтпаған анадан қорқам, немересіне ертегі айтпайтын ата-әжеден қорқам, қазақтың қазақпен қазақша сөйлеспегенінен қорқам»,- деген екен. Себебі, ана тіл – ұлттың үлкен байлығы. Қазақ тілі де басқа тілдер сияқты ғасырлардың жемісі.

Ал,  Ғабит Мүсірепов «Тілін білмеген түбін білмейді» депті.  Сөз төркінін түсінер адамға осыдан артық ой жоқ.

Дегенмен, қазір заман өзгерді. Бүгінгі заманның талабы – қазақ, орыс, ағылшын тілін білу. Бірақ соның ішінде өз ана тілін білу, ана тілінде сөйлей білу, төл мәдениетімізді дамыту – әркімнің міндеті екенін ұмытпағанымыз абзал.

Қазақ тілін білмесең, мен қазақпын деме сен.

Келсе егер үйренгің, ізден, оқы күнде сен.

Қазақ тілі ғажап тіл, кетірмеңдер қадірін,

Алалама, қорғай біл, адамзатқа керек тіл.

Үйрен орыс тілінде, біл-біл сөйле бәрінде,

Қадірлеп ана тіліңді, сөйлей біл баба тілінде.

         Капитан  Е.ШАҒДАБАЙ


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"