БҰЙРЫҚ

«Әскери қызметшілерге ондағы қызметі жыл сайынғы негізгі демалысқа қосымша 10 тәулік демалыс беру құқығын беретін жергілікті жерлердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 11 маусымдағы № 333 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Әскери қызметшілерге ондағы қызметі жыл сайынғы негізгі демалысқа қосымша 10 тәулік демалыс беру құқығын беретін жергілікті жерлердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 11 маусымдағы № 333 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12062 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 30 қыркүйекте жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әскери қызметшілерге ондағы қызметі жыл сайынғы негізгі демалысқа қосымша 10 тәулік демалыс беру құқығын беретін жергілікті жерлердің тізбесінде*:

бесінші абзац мынадай редакцияда жариялансын:

«Шығыс Қазақстан облысында – Абай, Аягөз, Бесқарағай, Жарма, Зайсан, Қатон-Қарағай, Күршім, Тарбағатай, Үржар аудандары, Семей, Курчатов қалалары, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының бөлімшелері үшін – Шемонаиха ауданы, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери қарсы барлау, әскери полиция органдары және Шекара қызметінің құрамалары, әскери бөлімдері, бөлімшелері үшін – Алтай, Бородулиха, Глубоковское, Шемонаиха аудандары, Риддер қаласы;»;

жетінші абзац мынадай редакцияда жариялансын:

«Батыс Қазақстан облысында – Бөкейорда, Жаңақала аудандары, Теректі ауданының Тайпақ ауылдық округі, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери қарсы барлау, әскери полиция органдары және Шекара қызметінің құрамалары, әскери бөлімдері, бөлімшелері үшін – Бәйтерек, Бөрілі, Жәнібек, Казталов, Тасқала, Теректі, Шыңғырлау аудандары;»;

он екінші абзац мынадай редакцияда жариялансын:

«Павлодар облысында – Аққулы, Май аудандары, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери қарсы барлау, әскери полиция органдары және Шекара қызметінің құрамалары, әскери бөлімдері, бөлімшелері үшін – Железинка, Ертіс, Тереңкөл, Успенка, Шарбақты аудандары;»;

он төртінші абзац мынадай редакцияда жариялансын:

«Түркістан облысында – Сарыағаш, Созақ аудандары, Түркістан қаласы, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери қарсы барлау, әскери полиция органдары және Шекара қызметінің құрамалары, әскери бөлімдері, бөлімшелері үшін – Қазығұрт, Мақтаарал, Отырар, Төле би, Шардара аудандары.».

2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Кадрлар және әскери білім департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

3) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Т.С. Мұхтаровқа жүктелсін.

4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Қорғаныс министрі                                                              Н. Ермекбаев

 


 



Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Семь граней Великой степи

Семь граней Великой степи