Бөлімде қонақта болды

Бөлімде қонақта болды

Семей геологиялық-барлау колледжінің студенттері «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының 44736 әскери бөлімінде болды.

   Бөлім командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары майор Думан Біләлов студенттерді бақылау-өткізу пунктінен қарсы алды. Ол әскери бөлімнің құрылу тарихынан қысқаша мағлұмат беріп, бүгінгі күнге дейінгі жетістіктерін баян етті. Жас жігіттер казармаларды аралады. Жаттығу залында болып, әскери бөлімнің спорттық іс-шаралардағы жеңістерінен де хабардар болды. Әскери бөлімде жауынгерлер үшін барлық жағдайдың жасалғанына қуанды. Ашық есік күнінің соңында естелікке суретке түсіп, шынайы әскери өмірді көруге мүмкіндік берілгені үшін алғыстарын да айтты.


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Семь граней Великой степи

Семь граней Великой степи