Бейімделу кезеңінен ойдағыдай өтуде

Бейімделу кезеңінен ойдағыдай өтуде

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығы 10810 әскери бөлімінің психологтары мерзімді қызметтерін өткеріп жатқан жас жауынгерлерге психологиялық жаттығуларды тұрақты өткізіп келеді.  

Бейімделу кезеңінде сарбаздарға психодиагностикалық, психологиялық ағарту жұмыстары және психологиялық коррекциялық жұмыстар жүргізіледі. Сондай-ақ, мерзімді әскери қызметшілерге өздеріне деген сенімділіктерін арттыру, ұжымды біріктіру, жалғыздықтан шығу жолдарын көрсету мақсатында психологиялық тренингтер де өткізіледі. Аз ғана уақыт болса да, жас сарбаздар әскери өмірдің қыр-сырына төселіп, мінез-құлықтарын шыңдап келеді. Алғаш келген күннен бастап бір ананың балаларындай өзара жақсы қарым-қатынаста. Мерзімді әрбір әскери қызметшіге жоғары қолбасшылықтың бұйрығы бойынша әйел әскери қызметшілер бекітілген. Олар сарбаздардың күнделікті хал-жағдайын, тұрмыс-тіршілігін, туындаған мәселелерін анықтап, бөлім командиріне баяндап отырады. Ата-аналарымен де ұялы телефон арқылы хабарласып, сарбаз жайлы қажетті мағлұматтар алады. Ондағы міндет – Отан алдындағы борышын өтеуге талпынған жас жігіттердің әскери ортаға бейімделуіне барынша көмектесіп, дұрыс бағыт-бағдар беру, әрі патриоттық рухта тәрбиелеу. Ал сарбаздардың сөзіне жүгінсек, Отан алдындағы борышты өтеу – әр азаматтың парызы. Шымыр да сымбатты болуға, төзімділікке тек қана әскер шынықтырады. Әскери тәртіп пен жауынгерлік дайындық та күннен-күнге шыңдай түседі.  


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

"Глаза разведчика": оптические приборы казахстанского производства

"Глаза разведчика": оптические приборы казахстанского производства