ҚР Қарулы Күштеріне - 25 жыл

"Батыста" тактикалық даярлықты шыңдауда

"Батыста" тактикалық даярлықты шыңдауда

Жазғы оқыту кезеңі шеңберінде «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 41321 әскери бөлімінің байанысшы әскери қызметшілері Атырау облысындағы «Қаработан» полигонында тактикалық-саптық сабақтар өткізуде.

Жауынгерлік әзірлік аптасы кезеңінде өңірлік қолбасшылықтың барлық әскери бөлімдері жауынгерлік әзірліктің әртүрлі дәрежелеріне келтірілді. 41321 әскери бөлімінің әскери қызметшілеріне 2017 жылғы маусымның 5-і мен 7-і аралығында «Қаработан» полигонында тактикалық-саптық сабақтар өткізуге тура келеді. Үш күн бойы байланысшылар басқару пункттерінде өздерінің техникасын өрсітетеді. Онда телефондық, телеграфтық, жерсеріктік, радио, радиожелілік және фельдъегерлік-пошта байланысын қамтамасыз етеді.

Бүгінгі таңда әскери байланысшылардың байланыс құралдары мен техникасының жартысынан астамы жаңартылғанын айта кеткен жөн. Байланыс техникасы Петропавл қаласындағы Киров атындағы қазақстандық зауытта жаңғыртылып, шығарылады. 

Жауынгерлік әзірлік аптасы бөлімдер мен түрлер, әскер тектерінің белгіленген мерзімде жан-жақты дайындықты жүзеге асыруын, қарсыласпен ұйымдасқан түрде ұрысқа түсуін және қойылған тапсырманы орындауының шынайы мүмкіндіктерін, қабілеттіліктерін тексеруге мүмкіндік береді. Жаңа оқу кезеңі басталар алдында «Батыс» өңірлік қолбасшылығының барлық әскери бөлімдерінде жауынгерлік оқудың жаңа кезеңінің басталуына орай сапқа тұрулар өткізілді. 


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

Инфографика: полная картина военного парада 2017 в Астане

Инфографика: полная картина военного парада 2017 в Астане