«Батыс» өңірлік қолбасшылығында үздік сардарлар анықталды

«Батыс» өңірлік қолбасшылығында ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай рота-батальон сардарлары арасында байқау мәреге жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Батыс» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің бастығы, подполковник Ерболат Сұлтановтың айтуынша, байқау мақсаты сардарлардың кәсіби шеберлігін шыңдап, жауынгерлік дайындығын арттыру, сондай-ақ теориялық білімі мен тәжірибесін молайту болатын.

Аталмыш байқауға Атырау, Ақтөбе, Орал, Ақтау гарнизондарының алты әскери бөлімінен жеңімпаз атанып келген отызға жуық үміткер қатысып, бақ сынады. Олар нысана көздеу, саптық және дене, мемлекеттік-құқықтық дайындықтан сайысқа түсіп, Ұлттық ұлан тактикасы, ҚР Қарулы күштерінің әскери жарғысы бойынша сынақ тапсырды. Үздіктер барлық сайыстың нәтижелері бойынша анықталды. «Әскери бөлімдердегі тәртіп пен жауынгерлік әзірліктің жай-күйі, оқу-жаттығудың сапасы ең алдымен осы сардарлардың кәсіби даярлығының деңгейіне байланысты. Сондықтан біз алдағы уақытта да олардың біліктілігіне қатысты талаптарды күшейтіп, кәсіби шеберлігін көтеру үшін барлық қажетті шараны алатын боламыз», деді шараны қорытындылаған «Батыс» өңірлік қолбасшысы, генерал-майор Қайрат Ақтанов.


Сонымен, Ақтөбе қаласындағы 6655-әскери бөлімі атқыштар батальонының командирі, майор Нұрлан Исабеков «Үздік батальон командирі», осы бөлімнен аға лейтенант Ахат Құсайынов «Батальон командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі үздік орынбасары», Оралдағы 5517-әскери бөлімінен капитан Данияр Мұқанов «Үздік штаб бастығы» атанды. Оған қоса 5517-әскери бөлімінен капитан Ильнар Батыров «Үздік рота командирі», 6655-әскери бөлімінен аға лейтенант Нұртілеу Ғалымжанов «Рота командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі үздік орынбасары», 5517-әскери бөлімінен лейтенант Жандос Зағпар «Үздік взвод командирі» аталымын иеленді.

Жеңімпаз-жүлдегерлер дипломдармен, бағалы сыйлықтармен марапатталып, шара соңы мерекелік концертке ұласты. Әр аталым бойынша үздік атанғандар Астана қаласында өтетін қорытынды байқауға қатысады.
Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"