«Батыр арулар» байқауының жеңімпаздары анықталды

Әйел әскери қызметшілер арасындағы екінші «Батыр арулар» республикалық байқауының жеңімпаздары белгілі болды.  80-нен аса қатысушы үздік әскери қызметші атағына  бақ сынасты. Ашық дауыс беру қорытындысы бойынша ҚР Қарулы Күштерінің 12 үздік өкілі анықталды.

Қарулы Күштердің 12 әскери қызметшісі байқау жеңімпазы атанды.  Дауыс беру сәуірдің 1-і мен мамырдың 31-і аралығында Қорғаныс министрлігінің сайтында жүргізілді. Бұл уақыт ішінде конкурсанттарға 253 875 рекордтық дауыс саны берілді. Бүгін иықбелгі таққан әйелдер туралы тарих бүкіл әлемге мәлім болды. Ресми марапаттауға дейін байқау финалистері жауынгерлік айла-тәсілдер мен далалық жағдайда жаттығуларды орындап, дене және жауынгерлік даярлықтарын паш етеді. Оларға ұдайы жауынгерлік әзірлікте болатындарын, жүктелген тапсырмаларды сәтті орындайтындарын дәлелдеу қажет болады. Сондай-ақ кәсіби стилистер байқау жеңімпаздарының көркіне көрік беріп, бет-әлпеттерін ажарландыра түспек. Және мамандандырылған күнтізбеге арналған фотосессия күтіп тұр. Бұл күнпарақтың беттерін «Батыр арулар» байқауының жеңімпаздары ажарландыра түседі.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"