Бірлескен әрекет

Семей өңірлік гарнизонының әскери полиция жасағы мен Семей қаласының ішкі істер басқармасы қызметкерлерінің бірігуімен жарылғыш заттар мен жарылыс құрылғылардан, оқ-дәрілер мен қару-жарақтардан келетін зардаптардан қорғауды түсіндіру үшін алдын-алу жұмыстары жүргізілді.

Семей өңірлік гарнизоны әскери полиция жасағы әскери полиция бөлімінің патрульдік пост қызметінің аға офицері майор А.Сейсенов пен әскери полиция бөлімінің сержанты 3-ші сыныпты сержант Н.Асаубаев ШҚО Семей қаласы ішкі істер басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп, түрлі-түсті және қара металл қабылдайтын орындарды аралады. Түрлі-түсті және қара металл қабылдау мекемелерінің басшылары мен жеке меншік кәсіп иелеріне металл қабылдау кезінде жарылғыш заттар мен жарылыс құрылғыларын, оқ-дәрілер мен қару-жарақтарды өткізуге келген азаматтар жайында дер кезінде құқық қорғау орындарына хабар берудің қажеттілігін ескертті. Қаланың тұрғындарына көшелерде, қоғамдық орындарда, металл қабылдайтын орындарда оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды кездестірген жағдайда шұғыл түрде құқық қорғау органдарына хабарласу керектігін түсіндірді. Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды, жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру туралы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 287-ші, 288-ші, 290-шы, 291-ші баптары талаптарының бұзылуына жол берілген жағдайда қатаң жаза қолданылатынын да жеткізді.


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Семь граней Великой степи

Семь граней Великой степи