«Айбалта – 2019» оқу-жаттығуы

«Айбалта – 2019» оқу-жаттығуы

Материалдық-техникалық қамтамасыз ету шарасы оқу-жаттығудың барлық дерлік кезеңдерін қамтиды. Жауынгерлік қызметті жан-жақты қамтамасыз етудің аталмыш түрінің құрамының қолданылуы құрамалар мен бөлімдердің ауыстырылуы құрамдастырылған тәсілмен, оның ішінде, тартқыштар мен теміржол платформаларында жүзеге асырылған кезде әскерлердің қайта топтасуынан басталды.

ТҚ-ның негізгі күш-жігері оқу-жаттығу барысында әскери қызметшілерге жауынгерлік қызмет үшін қажетті жағдай жасауға бағытталды. Далалық жағдайларда орналастыру барынша жайлылық, жасырынушылық пен қайта орын алмастыру кезінде ұтқырлықты біріктіру үшін жасалған. Жеке құрамның ыстық тағаммен тамақтануы, монша-кір жуу қызметі бөлімдердің шаруашылық жабдықталым пункттерінде ұйымдастырылған. Далалық жағдайларда материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімшелері шаруашылық жабдықталымның 42 пунктін өрістетті.  Тамақтануды ұйымдастыру үшін 100-ден аса аспазшы, шамамен 200 бірлік азық-түлік қызметінің техникалық құралдары, оның ішінде, бір тәулік ішінде 5 тонна нан пісіретін далалық механикаландырылған нан зауыты және әскери қызметшілерді заттай мүліктің қажетті санымен қамтамасыз етуге арналған далалық қойма тартылды.  

Әскери госпитальдар мен лазареттер далалық жағдайда қажетті емдеу инфрақұрылымын орнатты. Жауынгерлік қолдану аудандарына орналастыру барлық қолда бар күш пен материалдық-техникалық қамтамасыз ету құралдарын өрістетуді қажет етті.

МТҚ бөлімшелері жауынгерлік бөлімшелерге уақтылы жеткізу үшін оқ-дәрілердің далалық қоймаларын өрістетті. Әскери техниканың үздіксіз жұмыс жасау үшін далалық құю пункттері мен жөндеу шеберханалары жабдықталды, ал әскерлердің жауынгерлік тәртібінде эвакуациялау құралдары бар зақымдалған машиналарды жинау пункттері қарастырылған.  

Қазіргі уақытта материалдық-техникалық қамтамасыз ету әскерлерді қамтамасыз етудің маңызды түрлерінің бірі болып табылатынын айта кету қажет. Онсыз заманауи жағдайда күнделікті қызмет, ауқымды оқу-жаттығулар мен жалпы Қазақстан армиясының дайындығы мүмкін емес. 

 

                                        ***

«Айбалта-2019» стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуы аясында ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштері Әскери-әуе күштері армиялық авиация бөлімшелерінің қайта топтасу кезеңі аяқталды.

 Армиялық авиация бөлімшелерінің қайта топтасуы бойынша іс-шаралардың орындалуы барысында «Бахар» әуеайлағына ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің бөлімшелерін әуеден әрі қарай тасалау үшін Шымкент және Алматы қалаларының авиабазасынан көлік-жауынгерлік және жауынгерлік тікұшақтары жіберілді. Сондай-ақ «Бахар» әуеайлағында С-295 әскери-көлік авиациясының ұшақтары шоғырланды. Оның көмегімен операция өткізілетін шартты аудандарға әскери мүлікті, оқ-дәрілер мен тактикалық десантты жөнелту жүзеге асырылады.  

Армиялық авиация тікұшақтарының қайта топтасуы ҚР ҚК ӘҚК ӘӘК қолбасшысы авиация генерал-майоры Д. Қосановтың жетекшілігімен жүзеге асырылды.

«Авиациялық техниканың істен шығуы орын алған жоқ. Ұшулар штаттық режимде өтті. Жаңадан келген ұшу құрамы тәжірибелі ұшқыш нұсқаушылармен бірлесе оқу-жауынгерлік тапсырманы орындады және таулы жерде ұшуларды орындау, сондай-ақ мотоатқыш бөлімшелердің лектеріне ілесіп жүру бойынша практикалық тәжірибе жинақтады», - деді авиация генерал-майоры Д. Қосанов.

Оқу-жаттығудың ниеті бойынша армиялық авиация бөлімшелері іс жүзінде топтамаларды күшейту, авиацияның күшін бытыратып жіберу және алыс қашықтықтарға қайта топтастыру барысында жан-жақты қамтамасыз ету мәселелерін пысықтайды. 

 


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Семь граней Великой степи

Семь граней Великой степи