Астанадан әскери борышын өтеуге 60-қа жуық бозбала жөнелтілді

Осы аптада Астана қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің жиын пунктінен Мемлекеттік күзет қызметі мен ҰҚК Шекара қызметі қатарында мерзімді әскери қызмет өткеру үшін 60-қа жуық жаңадан шақырылған бозбала жөнелтілді.

Жаңадан шақырылғандарға өз туған жерін қорғаған аға буынның ерліктері туралы еске салды.  «Ұлы мереке қарсаңында біз дәстүр бойынша мемлекет қамқорлық көрсетіп жатқан Ұлы Отан соғысының ардагерлерін мадақтаймыз және сендер аға буынның даңқты дәстүрінің жалғастырушылары, ізбасарлары болып табыласыңдар. Себебі, отбасыңды, халқыңды қорғау – әрбір ер азамат үшін бастапқы міндет, абыройлы іс. Сендерге әскери антқа адал болып, туған өлкелеріне Отан қорғаушылар ретінде оралуларыңды тілеймін», - деді Астана қаласының ҚІЖД бастығы полковник Талғат Амангелдиев. Жиын пунктінде жас бозбалаларды жеке тамақтану рационымен қамтамасыз етті және дәстүр бойынша ата-аналары, достары және туған-туысқандары жаңадан шақырылғандарды шығарып салуға келді. «Мен борышымды өткергім келеді», - деп Астанадан шақырылған Жандос Жандарбек сеніммен айтты. Армияда ең алдымен мінез-құлқын түзеледі.  Мен жақсы көңіл-күймен конституциялық міндетімді атқаруға бара жатырмын. Отанымыздың су шекарасында қызмет етуге моральдық және физикалық тұрғыда дайынмын деп ойлаймын. Бозбалалар мен олардың жақындары әскерде қызмет ету олар үшін абыройлы іс екенін атап өтті. Көбісі қуана-қуана Отанға қызмет етуге аттанғалы отыр.    
2016 жылдың көктемінде Астана қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаментімен шақырылуға дейін Қорғаныс министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі, Мемлекеттік күзет қызметі және Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әртүрлі әскери бөлімдеріне 700-ден аса жас бозбаланы жөнелту жоспарланып жатқанын естеріңізге сала кетейік.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"