Астанада тәрбие құрылымдарының офицерлерін марапаттады

ҚР Қарулы Күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында Қарулы Күштерде тәрбие құрылымдарының құрылуының 25 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті. Іс-шараға Қорғаныс министрлігі мен ҚР ҚК Бас штабының басшылығы, ҚР Қарулы Күштерінің ардагерлері, Қарулы Күштердің әскери қызметшілері және шақырылған меймандар қатысты.

Тура ширек ғасыр бұрын Мемлекет басшысының Жарлығымен тәрбие және әлуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі командирлер орынбасарларының институты құрылды. Осы сәттен бастап егеменді Қазақстанның тәуелсіздік алуымен, оның Қарулы Күштерінің дамуы дәуірімен үздіксіз және тығыз байланысты тәрбие жұмысы құрылымдарының даму тарихы бастау алды. Бүгінде Қазақстанның Қарулы Күштерінде тәрбие құрылымдарының мыңнан аса офицері – жеке құраммен жұмыс жасау жөніндегі барлық деңгейдегі мамандар, әскери бөлімдердегі идеологиялық және психологиялық жұмыстар мамандары, әскери оқу орындары мен Қорғаныс министрлігінің оқу орталықтарындағы гуманитарлық пәндердің оқытушылары арналым бойынша қызметтік міндеттерін атқарып жүр. Олардың жұмысының арқасында 2017 жылы ҚР Қорғаныс министрлігі жастарға әскери-патриоттық тәрбие беруге бағытталған республикалық ауқымдағы 130-дан аса іс-шара өткізді. Еліміздің түкпір-түкпірінде 2800-ден аса бала білім алып жатқан 100-ден аса кадет сыныптары ашылды.
«Тәрбие құрылымдарының офицерлері өздерінің мақсатқа бағытталған қызметімен командирлер және штабтармен бірлесе әскери ұжымдарды жұмылдыру, құқықтық тәртіп пен әскери тәртіпті нығайтуға, жеке құрамның намысы мен абыройын қорғауға, қызметтің беделі мен имиджін арттыруға бағытталған тапсырмаларды іске асыру аясында қыруар жұмыс атқарды. Аса құрметті ардагерлеріміздің алар орны айрықша. Дәл солардың иықтарына Қарулы Күштердің құрылуы кезінде тәрбие құрылымының жаңғыруы бойынша ізашарлардың ең ауыр және күрделі бөлігі түсті. Бірлескен қызмет, мемлекетіміздің қорғаныс қабілеттілігін құру мен нығайтуға қосқан сүбелі үлестері үшін алғыс білдіремін. Сіздермен бірге әскери қызметтің қызығы мен шыжығына шыдап, барлық қуаныштарыңызды бөлісіп жүрген жұбайларыңызға да ешксіз ризашылығымды білдіремін», - деді ҚР Қорғаныс министрі салтанатты шарадағы сөз сөйлеуінде.
Іс-шара аяқталысымен 2017 оқу жылының қорытындысы бойынша үздік нәтижелерге қол жеткізген тәрбие құрылымдарының бірқатар әскери қызметшілері көтермеленді. Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының орынбасары генерал-майор Қайрат Садықов, «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының орынбасары полковник Ермиян Бятов, 61993 әскери бөлімі командирінің орынбасары подполковник Арынғали Әкішев үздік тәрбиеші офицерлер болып танылды. Капитан Бақытжан Серәлиевке «майор» және аға лейтенант Дидар Сағатқа «капитан» әскери шендері мерзімінен бұрын берілді

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"