Астанада еліміздің қорғаныс өнеркәсібі кешенін дамыту мәселелері бойынша бірлескен алқа отырысы өтті

Астанада еліміздің қорғаныс өнеркәсібі кешенін дамыту мәселелері бойынша бірлескен алқа отырысы өтті
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі ресми сайтынан алынған фото

Ағымдағы жылғы 10 шілде күні Астанада ҚР Қорғаныс министрлігі мен Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің бірлескен алқасы болып өтті. Алқа отырысы барысында мемлекеттік қорғаныс тапсырысын қалыптастыру, осы саладағы нормативті-құқықтық базаны жетілдіру және отандық қорғаныс өнеркәсібі кешенін дамыту мәселелері талқыланды.

Алқа отырысына ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин, ҚР Президентінің көмекшісі – ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Владимир Жұмақанов, ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов, ҚР Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов, сондай-ақ қорғаныс өнеркәсібі кешені кәсіпорындарының басшылары қатысты.

ҚР Қорғаныс министрі генерал-полковник С. Жасұзақов «Қорғаныс министрлігі сапасына армиямыздың жауынгерлік қабілеті мен мемлекетіміздің қорғаныс қабілеті тікелей байланысты отандық қорғаныс кәсіпорындарының өнімдері мен қызметін бірден-бір сатып алушы болып табылады. Сол себепті, біз ұлттық қорғаныс өнеркәсібі кешенін дамытуға айрықша мән беріп отырмыз, - атап өтті. ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов қорғаныс өнеркәсібі кешенінің еліміздің ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін қамтамасыз етудегі маңызына тоқталды. Ол: «Бүгінде қорғаныс өнеркәсібі кешені кәсіпорындарының мүмкіндігі тек ішкі нарықтың сұранысын қамтамасыз етіп қана қоймайды, айтарықтай экспорттық әлеуетке де ие.

Сол себепті, оларды қолдау мен дамытудың құралы болып табылатын мемлекеттік қорғаныс тапсырыстары шеңберінде оларды барынша жүктеуді қамтамасыз етуіміз қажет», - деді. Отырыс барысында ҚР Президентінің көмекшісі – ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Владимир Жұмақанов мемлекеттік қорғаныс тапсырыстары саласын жүйелеуге бағытталған заңға тәуелді нормативті-құқықтық актілерді әзірлеудің сапасына назар аударды. «Бүгінде қажетті заңнамалық түзетулер жарық көрді, заңға тәуелді актілер қалыптасуда. Осының бәрі нормативті-құқықтық жұмыстарды кешенді жүргізу барысында бәрін жүйелеуге айтарлықтай мүмкіндік береді, - деп атап өтті В. Жұмақанов.

Алқа жұмысының қорытындысы бойынша ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин іске асырылуы мемлекеттік қорғаныс тапсырыстары жүйесінде жұмысты сапалы жүргізуге және әскерлерге қазіргі заманғы қару-жарақ пен әскери техника үлгілерін жеткізуге ықпал ететін нақты тапсырмалар қойды. Сонымен қатар, қорғаныс өнеркәсібі кешенінің экспорттық әлеуетін дамыту мәселесі туралы да тапсырмалар берді.

Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

Инфографика: как в казахстанской армии работают над профилактикой правонарушений

Инфографика: как в казахстанской армии работают над профилактикой правонарушений