ҚР Қарулы Күштеріне - 25 жыл

«Астана» өңірлік қолбасшылығының алғашқы әйел әскери қызметшісі

«Астана» өңірлік қолбасшылығының алғашқы әйел әскери қызметшісі

«Астана» өңірлік қолбасшылығында құрылған күннен бастап 2002 жылы штатқа енгізілген тұңғыш әйел әскери қызметші қызмет етеді. Капитан Анар Жұмабекова ұйымдастыру-жұмылдыру бөлімінің офицері болып табылады және Қазақстанның Қарулы Күштеріндегі еңбек өтілі 20 жылдан асып жығылады.

«Мен тізімге енгізілген алғашқы әйел әскери қызметші болдым. Мен бірінші күннен бастап «Астана» өңірлік қолбасшылығы штабының қалыптасуы мен дамуына атсалыстым десем де болады. Бұл үлкен жауапкершілік және әр жылдары менімен бірге қызмет еткен әріптестерімді және қызметтік тізімімді мақтан тұтамын», - дейді әскери қызметші. Анар Жұмабекова өзінің қызметін ғана емес, сонымен бірге, өз отбасы туралы үлкен мақтанышпен айтады. Оның барлық тума-туыстары әскери адамдар екен.

Әкесі – полковник Тұрар Жұмабеков әр жылдары Қарағанды және Көкшетау облыстарының қорғаныс істері жөніндегі аудандық бөлімдерде қызмет еткен. «Қазіргі кезде ол зейнеткерлікте. Бірақ, жастарға патриоттық тәрбие беру бойынша жұмысқа белсене араласады. Мәселен, жас ұрпағымыз ата-бабаларымыздың ерлігін білсін және әсте ұмытпасын деп «Сол даңқты жылдарға тағзым етейік» жыл сайынғы әскери әндер мектеп байқауын ұйымдастыру мен өткізуге қатысады», - дейдіАнар.

Әскери қызметшінің бауыры Аңсар да әпкесінің жолын қуған. Ол Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищесінің (Құрлық әскерлерінің Әскери институты) түлегі болып табылады және қазіргі уақытта әскери жоғары оқу орнында сабақ береді. Анар Жұмабекованың сіңлісі Айнұр да әпкесінің ізін басқан. Ол Қазақстан Қарулы Күштерінің 46298 әскери бөлімінде қызмет етуде. Капитан Анар Жұмабекова мен оның отбасы патриотизм мен әскери міндетке деген адалдықтың жарқын үлгісі болып табылады. Олардың әрқайсысы біркездері әскери қызметші деген кәсіпті таңдап, қазақстандық армияда абыроймен қызмет атқарып жүр.

Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

Армейские международные игры-2017: итоги в цифрах

Армейские международные игры-2017: итоги в цифрах