«Астана» өңірлік қолбасшылығында сарбаздар сайысты

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мерекесінің қарсаңында  Қазақстан Республикасы Конституциясы күни мен Қазақстан Республикасының тілдері күніне орай осы жылдың 28 тамызында «Астана» өңірлік қолбасшылығына қарасты 31775 әскери бөлімінде сарбаздар арасында «Тілге құрмет – елге құрмет» атты сайыс ұйымдастырылды.

Екі топқа бөлінген  сарбаздар өздеріне берілген бес тапсырма бойынша  дайындықтарын көрсете білді. Өз топтарын  «Қыран»  және  «Жалын» деп таныстырған қатардағы Рымбек Дидар мен Мәкішев Әлішер топтарының ұйымшыл ізденімпаз екендіктерін сайыс кезінде дәлелдей түсті.

Өте қызықты сайыса білетін екі топта бірінен бірі қалыспай Отан, отбасы, тәрбие  жөніндегі мақал-мәтелдерді жарыса жалғап жатса, қазак билерінің шешендік өнерін мәнеріне келтіре орындай, сайысқа қатысқан сарбаздар сайысты одан әрі қызықтыра түсті.

Сондай-ақ, «Білгенге маржан» атты  сайыста да ерекшелене білген сарбаздар Ұлы Отан соғысының майдангері Қасым Аманжоловтың тіл туралы өлеңін жатқа оқыса, қатардағы Үсен осы мерекеге өз шығармасын арнау ете орындады.

Екі топтың команда мүшелері мен жалпы сарбаздардың орындауында «Ананың тілі»  әнімен сайыс өз мәресіне жетті.

Әскери бөлім командирінін  сарбаздарға арнаған «Алғыс хат» марапатымен әсерлі  сайыс тәмамдалды.

 

Т. СМАҒҰЛОВА,

            31775 әскери бөлім кітапханашысы 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"