Ашық есік күні

Ашық есік күні

     «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру»  бағдарламасының аясында және «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы 27943 әскери бөлімінің 26 жылдығы қарсаңында ашық есік күні ұйымдастырылды. Оған Ұлан ауданының Таврия ауылдық орта мектебі мен Ахмер орта мектебінің 4-ші және 9-10-шы сынып оқушылары келді.

Еліміз Қарулы Күштерінің имиджін барынша ақпараттандыру, әскери мамандықты көпшілікке танымал ету және Отанымыздың жаңа патриоттарын тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған шарада 1-ші мотоатқыштар батальонының атқыш қарулар түрлері мен казармалар көрсетілді. «Қарулы Күштер ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігінің ШҚО филиалының төрағасы – ҚР ҚК құрметті ардагері, запастағы подполковник Төкен Біләлов пен бөлімнің әскери қызметшілерінің отбасы мүшелерімен жұмысты ұйымдастыру жөніндегі қызмет жетекшісі азаматтық персонал Рауан Қымбатбекова жас жеткіншектерге адамгершілік пен адалдық, табандылық пен төзімділік қасиеттері туралы әңгімеледі. Таврия ауылдық орта мектебінің «Жас ұлан» және «Арыстан» әскери-патриоттық клубының тәрбиеленуші қыздары атыс қаруларына аса қызығушылық танытып, көптеген сұрақтар қойды.

   Шара барысында әскери-патриоттық тәрбие беруді арттыру және жасөспірімдер арасында жаппай спортты дамыту шеңберінде спорт және дене дайындығының бастығы аға сержант Алмас Айдархановтың ұйымдастыруымен сарбаздар мен мектеп оқушылары футбол ойнаудан сынға түсті. Арқан тартысудан да білек сынады. Оның қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерге мақтау грамоталары, әрі бағалы сыйлықтар табыс етілді. Ашық есік күні соңында бөлім қолбасшылығына алғыстарын жаудырған әскери-патриоттық клуб тәрбиеленушілерінің бірқатары Отан қорғаушы болуды армандайтынын айтты.

                                                                               Алуа ИСКАКОВА

                                                                              


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Семь граней Великой степи

Семь граней Великой степи