Арыс қаласындағы апта сайынғы тексеріс жүргізілді

Арыс қаласындағы апта сайынғы тексеріс жүргізілді


Әскери ведомство басшысы Нұрлан Ермекбаевқа өңірдегі жедел жағдай, Арыс қаласына іргелес аумақтарды оқ-дәрілердің фрагменттерінен тазарту, оқ-дәрілерді шығару және жоюды ұйымдастыру, құрама жасақ әскери қызметшілерінің ротациясы, сондай-ақ әскери қалашықтың инфрақұрылымын қалпына келтіру жөніндегі атқарылған іс-шаралардың нәтижелері туралы баяндалды.  

Бүгінгі таңда төтенше жағдай салдарын жою бойынша құрама жасақтың күші және құралдарымен қоймалар мен Арыс қаласының аумағына іргелес аумақтарда оқ-дәрілердің фрагменттерін іздестіру және анықтау, оқ-дәрілердің шығарылуын ұйымдастыру, әскери қалашықтың инфрақұрылымын қалпына келтіру жөніндегі жұмыстар бойынша іс-шаралар орындалуда. Оларды жою мақсатында Арыс қаласынан (60 км) қауіпсіз қашықтықта орналасқан арнайы жабдықталған орында оқ-дәрілердің фрагменттерін шығару жалғасуда. Әскери сарапшылар 1200-ден аса шаршы километр аумақты тазартты.  Соңғы аптаның ішінде полигонда оқ-дәрілердің 3364 фрагменті жойылды. Сондай-ақ Қорғаныс министрінің тапсырмасы бойынша төтенше жағдай салдарын жоюға бірінші болып атсалысқан құрама жасақ әскери қызметшілерінің ротациясы өткізілді. Ауысымға Арыс қаласы мен арсеналға іргелес орналасқан аумақты оқ-дәрілердің фрагменттерінен тазарту жөніндегі шараларды орындауды жалғастыратын жеке құрам келді.

Жұмыс нәтижелері бойынша Нұрлан Ермекбаев азаматтық тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, аумақты одан әрі тазарту бойынша жұмыстардың сапалы өткізілуі мен 90%-ы Арыс қаласының тұрғындары болып табылатын әскери қызметшілердің қалыпты тыныс-тіршілігі үшін жағдайды жедел қалпына келтіру жөнінде тапсырма берді. Арыс қаласында болған кезде әскери бөлімшелер төтенше жағдай салдарын жоюдан басқа зарарсыздандыру, санитария, сондай-ақ құрылыс-қалпына келтіру жұмыстары бойынша шаралар жүргізгенін айта кетейік. 


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Семь граней Великой степи

Семь граней Великой степи