ҚР Қарулы Күштеріне - 25 жыл

Армия ойындары татулықты нығайтып, кәсіби шеберлікті шыңдайды

Армия ойындары татулықты нығайтып, кәсіби шеберлікті шыңдайды

Жыл сайын Ресей Федерациясында өтетін Халықаралық армия ойындары биыл да жалғасын таппақ. Байрақты әскери бәсекенің беделі де ТМД және әлем жұртшылығына белгілі. Ең бастысы, бұл додада қазақстандық әскери қызметшілер өздерінің белсенділіктерін мойындатып келеді. Біздің Қарулы Күштеріміз, әсіресе, «Танк биатлоны» мен «Авиадартс» әуе сайысында қарсыластарын қаймықтырудан шаршаған емес. Тіпті, бәсекелестеріміз санаулы десек, қателесе қоймаймыз. Халықаралық доданың кешегі келбеті қандай еді, биылғы сайысқа дайындық қай деңгейде? Қандай аталымдар бойынша бақ сынаймыз? Елең еткізер жаңалықтар мен өзгерістер бар ма? Осы сауалдар төңірегінде тілшіміз ой қозғаған еді... Оқып көріңіз...

Тартысты ойын «Танк биатлонынан» басталған

Халықаралық армия ойындарының тарихы әйгілі «Танк биатлонында» жатыр. Алғашқы кездері Ресей Федерациясы Қарулы Күштерінің өз ішінде ғана ұйымдастырылатын шара кейін келе алдымен ТМД мемлекеттеріне танылды. Оған өткен ғасырда одақтас болған өзге мемлекеттермен қатар, Қазақстан да атсалысқанын біршамамыз білеміз. Біздің сарбаздарымыз жарысқа қатысып қана қоймай, алғашқы жылдардан-ақ өздерінің әуселесі жоғары екендіктерін байқатқан. Айталық, үш жыл бұрынғы «Танк биатлоны» чемпионатында жерлестеріміз 12 елдің танкішілерімен бақ сынасып, кәсіби шеберліктерін, жауынгерлік машықтары мен командамыздың тұтастығын паш еткен.

«Армия ойындарының негізі болып саналатын «Танк биатлоны» біздің команда үшін тың жаңалық емес. Десе де сайыстың әр жыл сайын даңғыл жолы кеңейіп, күрделі болып келеді. Өткен жылы «Танк биатлонында»

Әзірбайжанның Қорғаныс министрі Зәкір Хасановтың арнайы сыйлығын иеленген.

Қатысушылардың саны жағынан армиялық ойындардың ең ірі жарысы «Танк биатлонында» қазақстандық танкішілер Ресей, Қытай, Үндістан, Ангола, Венесуэла, Кувейт, Монғолия, Никарагуа, Армения, Сербия, Тәжікстан және Қырғызстанның танкті экипаждарымен сайысқан. Ал, Қазақстан Әскери әуе күштерінің ұшқыштары МиГ-29, Су-25, Су-27 және Ми-8 ұшақтар және тікұшақтарымен ұшу шеберліктерін көрсетіп, Ресей, Беларусь және Қытайдың ұшу экипаждарымен «аспан қожайындары» атағына күресті. Каспийдің Ресей су айдындарында бұл сәтте теңізшілеріміз «Сарыарқа» және «Орал» зымыран-артиллериялық корабльдерінде және «Батыс» өңірлік қолбасшылығы теңіз жаяу әскерлерінің бригадасы «Теңіз биатлонында» шеберліктерін көрсетіп сайысты. «Халықаралық армия ойындары – 2016» байқауында еліміздің командасы 2 алтын, 4 күміс, 11 қола еншілеп үздік үштік қатарынан көрінген болатын.

 

 

Әлемнің 28 елі қатысады

Ендігі жайттерді саралап көрейік. Әлемнің 28 елі шілденің 29-ы мен тамыздың 12-і аралығында Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы, Әзірбайжан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының аумақтарында өтетін «Армия ойындары – 2017» халықаралық жарысына қатысатынын растады. Бұл Қазақстан, Ресей, Қытай және көптеген өзге мемлекеттердің бірнеше мыңдаған әскери қызметшісінің отыздан аса сайысқа қатысатын бірегей сайыс. Қатысушылар 28 сайыс бойынша бақ сынайды. Оның ішінде бесеуі бұрын болмаған жаңа сайыстар. Конкурста ТМД мен алыс шетелдің танкішілері, ұшқыштары, артиллерияшылары мен саперлері бақ сынасады. Әскери қызметшілер «Танк биатлоны», «Суворов тегеуріні», «Мерген шебі», «Әскери барлаудың үздіктері», «Артиллериялық оқ ату шеберлері», «Авиадартс», «Аспан кілті», «Теңіз кубогы», «Теңіз десанты», «Тереңдік», «Десанттық взвод», «Эльбрус шығыршығы», «Ашық су», «Қауіпсіз бағдар», «Инженерлік формула», «Қауіпсіз орта», «Рембат», «Автоброньды танкті техника шеберлері», «Далалық ас үй», «Әскери-медициналық эстафета», «Жол патрулі», «Күзет сақшысы», «Әскери ралли», «Достастық жауынгері», «Қару шебері», «Ұшқышсыз ұшу аппараттары сайысы есептоптарының сайыстары» және т.б. санаттар бойынша қатысады.

Аталған сайыстардың барлығы Ресей, Қазақстан. Беларусь, Әзірбайжан, Қытай елдерінің аумағында өтеді.

 

Доданың бір бөлігі елімізде өтеді

Өткен жылы алғаш рет «Артиллериялық ату шебері» және «Мерген шебі» атты екі байқауы біздің жерімізде өтті. 12 мемлекеттің үздік мергендері мен артеллерияшылары қазақ топырағында жеңіс үшін сайысты. Байқаудың алғашқы кезеңдері түнгі жағдайда өтті. Атыстар елімізде өндірілген түнгі көру құралдарын қолдану арқылы ұйымдастырылды. Отандық «КАЕ» кәсіпорнының құрал-жабдықтары арқасында түнгі түсірілім жүргізу мүмкін болды. Сайыс барысындағы айтулы кезеңдер мен оқиғаларды, біздің әскери қызметшілердің жеңісін және салтанатты марапаттау рәсімін қазақстандықтар тікелей эфирден көру мүмкіндігін алды. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің сайтында онлайн-трансляция жүрді. Жеті күн ішінде 204 000 көрушілер тіркелді. Сайыстың онлайн көрсетілімін Қазақстаннан өзге, Канада, Ұлыбритания, Япония, Қытай, Беларусия, Ресей, АҚШ және басқа да мемлекеттердің тұрғындары тамашалады. Қазақстандағы сайыстың қорытындысында барлық команда жетекшілері мен төрешілер арасында сауалнама жүргізілді. Белгілі болғандай, сайысты төрелік етудің жоғары дәрежеде өткені және сайысқа алдағы уақытта қатысуға деген қызығушылық анықталды. Алайда, бұл Қазақстан жеріндегі армия ойындары тарихының басы ғана саналады.

Биыл да біздің әскери полигондар тағы да әскери мамандар «сайысының» орталығына айналмақ. Енді бізде екі емес, үш сайыс өткізіледі. Олар – «Артиллериялық атыс шеберлері» және «Мерген шебі» және Ұшқышсыз ұшу аппараттары сайысы есептоптарының сайыстары.

Бұл байқауларға көптеген елдер өздерінің қатысатынын растады. Мәселен, Қазақстанға байқауға қатысуға 18 мемлекеттен 400 әскери қызметші келеді.  «Артиллериялық атыс шеберлері» байқауында Қазақстан, Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Венесуэла, Ресей, Қытай, Қырғызстан, Ангола. «Мерген шебі» байқауында Қазақстан, Монғолия, Қытай, Беларусь, Венесуэла, Ресей, Зимбабве, Қырғызстан, Үндістан, Иран, тағы басқа 17 мемлекеттің әскерилері бақ сынасады. Ұшқышсыз ұшу аппараттары сайысы есептоптарының сайыстарына Қазақстан, Беларусь, Иран, Ресей елдерінен келеді.

Үздік мергендер мен артиллерияшылардың бәсекеге түсіп, бақ сынасатын жері «Гвардейск» оқу-жаттығу полигоны болмақ. Бұл жарыстан тамыздың 1-і мен 9-ы аралығында өтеді.

 

Құрлық әскерлерінің қам-қарекеті

Бүгінде барлаушылар командасы Армия халықаралық ойындары шеңберінде тамыз айының алғашқы онкүндігінде Новосибирскіде өтетін «Әскери барлау үздігі» байқауына жүруге дайындалып жатыр. Қазіргі таңда дайындықтар Құрлық әскерлері Әскери институтының полигонында өтуде. Іріктеу жарыстарына қатысқан 16 әскери қызметшіден команда құрамында 12 адам қалды. Оның ішінде 10 адам негізгі құрамға кірсе, 2 адам резервте тұр. Команда құрамы толықтай «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты 03811 әскери бөлімінің өкілдері. Осы бөлімнің барлаушылары өткен жылдың қорытындысы бойынша жоғары дайындықтарымен еліміз Құрлық әскерлері барлау бөлімдері арасында бірінші орын алғанын жарыса сүйіншілеген болатынбыз.

 – «Команда құрамындағы 4 әскери қызметшіміз өткен жылғы Армия халықаралық ойындарының қатысушылары. Бұл бізге үлкен үміт пен қосымша жігер сыйлайды. Оларға артар сенім мол, – дейді «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы барлау басқармасының аға офиері майор Нұрлан Шегебаев.

«Әр күніміз қанық дайындықтармен өтуде, біздің алдымыздағы басты тапсырма Ресейде өтетін жарыстарда ел намысын лайықты қорғай білу», - дейді тәжірибелі аға сержанттар Ержан Сейіт пен Әзиз Сындарқұлов, сержант Шәді Алимухаммет, кіші сержант Асылхан Тілеуқабылов ағынан жарылып.

Сайыстарға сақадай сай

 Дәл қазіргі таңда «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының «Айша бибі» полигонында Халықаралық армия ойындарының бағдарламасына кіретін «Қару шебері» байқауына қатысатын әскери қызметшілердің шешуші дайындықтары өтуде. Қазақстан Қарулы Күштерінің командасы – құрама, оның құрамына «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты бірнеше әскери бөлімдердің әскери қызметшілері кіреді. 01731 әскери бөлімі жөндеу-қалпына келтіру батареясы командирінің орынбасары майор Ернар Шағановтың айтуынша, жаттығуларда командаға қойылған негізгі тапсырмалар 120 милиметрлік АД-30 гаубицасын, 23 милиметрлік ЗУ-23 зениттік қондырғысын далалық жағдайда жөндеу қимылдарын барынша пысықтау болып табылады. Сонымен қатар, кедергілерді кесіп өту арқылы орудияларды тасымалдау, оларды толық шашып-жинау да жаттығулардың күрделі кезеңіне кіреді. – Барлық тапсырмаларды уақтылы әрі сапалы орындауымыз қажет. Сол себепті, дайындықтар күшейтілген режимде өтуде, – дейді майор Е. Шағанов. «Қару шебері» халықаралық байқауына бәсекелестіктің артуына байланысты оған қатысушыладың саны да өсуде. «АрМИ – 2017» ойындары шеңберіндегі бұл байқау биылғы тамыз айының басында Қытай Халықтық Республикасының «Қорла» полигонында өтеді.
Тағы бір айта кетерлік жайт, жуырда аталмыш полигонда «Рембат» конкурсына қатысу үшін командалардың дайындықтары пысықталған болатын. Іріктеуде барынша лайықты деп танылған әскери қызметшілер Қазақстан Қарулы Күштерінің намысын қорғайтын болды. «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының байланыс, барлау, материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімшелері мен механикаландырылған бригадалары команда құрамына кірді. Біздің команда құрамында 28 әскери қызметші, оның ішінде негізгі және запастық құрам да бар. «Рембат» жарысы төрт кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде әскери қызметшілер жөндеу-эвакуациялау, жылжымалы техникалық қамтамасыз ету шеберханасы көлігінде, сондай-ақ броньдалған эвакуациялау көлігінде жеке жарыстарға қатысады. Жарыстың екінші кезеңінде олар оқ ату даярлығынан бақ сынайды. Бұл жерде сайысқа қатысушылар 200-ден 400 метрге дейінгі аралықтағы алты нысанды бағындыру, сондай-ақ 25 метрдегі габаритке гранатаны дәл тигізу сынақтары күтіп тұр. Конкурсанттар үшін сайыстың әскери-спорттық кешені салмақты сайыс болғалы тұр. Өйткені, бұл кезең барысында 500 метр халықаралық кедергі жолағын бағындыру, содан кейін ұзындығы 1700 болатын барлаушы соқпағын, содан кейін жерлерді бағдарлауды жүргізу және арнайы тапсырманы орындау үшін шеберлер шебін алу сынақтары бар. – «Үшінші кезең айтарлықтай күрделі кезеңдердің бірі, бұл жерде барлық кедергілерді бағындыру үшін барынша дене күші мен шыдамдылық таныту керек. Сондықтан да әскери қызметшілермен дене даярлығы мен оқ ату даярлығынан нұсқаушылар жаттығулар жүргізуде», - деп «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы 01731 әскери бөлімі материалдық-техникалық қамтамасыз ету батальоны ауыр сүйретпелі автомобиль взводының командирі аға лейтенант Станислав Ван түсіндіріп өтті. «Рембат» конкурсын авто айлақтар мен броньды айлақтарда нормативтерді орындау экипаждарының аралас эстафетасы аяқтайды. – «Өткен жылы «Рембат» конкурсына 4 команда қатысқан болатын, ал биылғы жылы қатысатын командалар саны көп болады деп күтілуде, себебі Армия халықаралық ойындарына қатысу үшін өтініш берген елдер саны артуда, яғни АрМИ өз ауқымын кеңейтуде. Дегенмен біздің әскерилердің де жүлделі орындарға деген нық сенімі бар. Біз оған қуаныштымыз және жеңіске жетеді деген сенімдеміз», - деп 01731 әскери бөлімі командирінің жауынгерлік және дене даярлығы жөніндегі орынбасары подполковник Еркен Өскембаев атап өтті. «Рембат» халықаралық конкурсы тамыз айының басында Ресей Федерациясы Омск қаласының жанындағы полигонда өтеді.

Дәрігерлер додаға дайын

«Отар» 40-шы әскери базасында Ресей Федерациясы Ленинград облысындағы Киров атындағы Әскери-медициналық академиясының полигонында «АрМИ-2017» Армия халықаралық ойындары шеңберінде «Әскери-медициналық эстафета» байқауына қазақстандық әскери қызметшілердің қатысуы үшін іріктеу кезеңі болып өтті. Байқауды өткізу шарттары бойынша қатысушы елдер екі командадан ұсынуы тиіс. Сондықтан іріктелгендердің ішінде бес ер адам және төрт әйел әскери қызметші бар. Құрама команданың қаңқасын «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы бөлімдерінің әскери қызметшілері құрайды. «Әскери-медициналық эстафета» кәсіби шеберлік байқауы бірқатар сайыстарды қамтиды. Оның ішінде, кедергілер жолағынан өту, тапанша мен автоматтан оқ ату, алғашқы медициналық көмек көрсету дағдысын паш ете отырып, арнайы дайындық бойынша нормативтерді орындау. Оның үстіне, байқау жаттығулары күрделі жағдайда орындалуы тиіс. Мәселен, жаралыға медициналық жәрдем көрсету үшін әскери медиктерге шұңқырларды, орларды, үйінділерді, тікенді сымнан жасалған инженерлік қоршаулардағы өтпелерді еңсере отырып, 30 метрлік жерден бауырлап жылжып өтуге тура келеді. Ал алғашқы медициналық көмек көрсеткеннен кейін 30 метрді жүріп өтіп, жаралыны тасаға алмастыруы тиіс. Өзге командалық жаттығуда шартты жаралы механик-жүргізушіні арнайы иықбаудың көмегімен ұрыс машинасының люгынан алып шығып, зембілмен қауіпсіз жерге жеткізу қажет. Бастапқыда әскери буынның кіші және орташа медициналық персоналының ішінен анағұрлым дайындалған мамандарды айқындау үшін полигонға келісімшарт бойынша 27 әскери қызметші келді, - деп команда жетекшісі, Қазақстан Құрлық әскерлері әскери-медициналық басқармасының бастығы медициналық қызметінің бастығы Александр Лизе ақпараттандырды. Жаттығуды орындау қорытындысы бойынша ең мықты және төзімді тоғыздық іріктелінді. Екі аптаға созылған тартысты іріктеу сайысынан кейін бүгін барлық қатысушылар ұдайы орналасу пункттеріне кетеді. Он күндік демалыстан кейін әскери ақ желеңділер тікелей эстафетаға қатысу үшін Гвардейск гарнизоны полигонындағы дайындық жаттығуларда қайта бас қосады. Әскери-медициналық эстафетаға іріктелініп алынған тоғыз әскери қызметшінің үшеуі былтырғы жылы мұндай сайысқа қатысқан болатын, - деді Қазақстан Құрлық әскерлері құрамасының бас бапкері медициналық қызметінің майоры Мұрат Фатыков. Жеңіске деген құлшыныс сияқты бұл жігіттерде әлеует пен тәжірибе бар. Бұл баршамызға олар сайыста жоғары деңгейде өнер көрсетеді деген сенімділік береді.

P.S. Халықаралық армия ойындарының қазіргі тыныс-тіршілігі осындай. Санаулы күндерден соң, сайыстың шымылдығы түрілмек. Жалпы, әскерилеріміздің әзірлігі көңіл көншітеді деп айтуға әбден негіз бар. Өйткені, еларалық маңызы бар шарада артта қалуымызға хақымыз жоқ. Бұл жауапкершілікті сарбаздарымыз да сезінетініне сенім мол. 


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

Инфографика: минно-тральный корабль "Алатау"

Инфографика: минно-тральный корабль "Алатау"