Армия ойындары аясындағы «Артиллериялық оқ ату шебері» және «Мерген шебі» байқаулары Қазақстан Республикасына қарасты полигондарда өтеді

2016 жылдың 30-шы шілдесі мен 13-ші тамызы аралығында Армия халықаралық ойындары өтеді. Аталған ойындардың негізінде 23 халықаралық байқау өткізу қарастырылуда, олардың ішінде – «Артиллериялық оқ ату шебері» және «Мерген шебі» байқаулары алғаш рет Қазақстан Республикасына қарасты полигондардың аумағында өткізілетін болады.

Қазақстан Республикасының аумағында өткізілетін «Артиллериялық оқ ату шебері» байқауына қазірдің өзінде 6 елдің әскери қызметшілері қатысатыны мәлім болды. Олар - Ангола, Венесуэлла, Қазақстан, Қырғыз Республикасы, Қытай, Ресей. Ал «Мерген шебі» байқауына 11 елдің армиясы – Белорусь, Венесуэлла, Зимбабве, Үндістан, Иран, Қазақстан, Қырғыз Республикасы, Қытай, Монғолия, Ресей және ОАР қатысады. Аталған байқауларға 8 ел бақылаушыларын жіберуге дайын. Олар: Австрия, Алжир, Германия, Израиль, Куба, Намибия, Мьянма Одағы, Сауд Арабиясы. Естеріңізге сала кетсек, 2015 жылдың тамыз айында Армия халықаралық ойындары алғаш рет Ресейде өткізілген болатын. Оған барлығы 17 елден 56 команда қатысты. Бұл ойындар бойынша 13 байқау 11 полигонда өткізіліп, әскери қызметшілердің далалық (әуе, теңіз) машықтары сыналды. Алғашқы сайыстың қорытындысы көрсеткендей, байқаулар әскери қызметшілер мен экипаждардың кәсіби даярлық деңгейін, олардың шеберлігі мен жинақылығын арттыруға, қатысушы елдердің Қарулы Күштері арасындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етті.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"