Алматы қаласының авиациялық базасында «Әскери қызмет қауіпсіздігі» туралы сабақ өткізілді

Әскери қызметтің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған сабақта: қару, оқ-дәрі, улы және техникалық жабдықтар, радиациялық, химиялық, биологиялық қорғау құралдарымен жұмыс істеу, әскери техникаға қызмет көрсету т.б. қаралды.

Штаб бастығының  әскерлер қызметі жөніндегі орынбасары -әскерлер қызметінің бастығы подполковник Роллан Асылбаев жеке құраммен  Ішкі қызметті атқару кезінде тиесілі қару мен оқ – дәрілерді  беру, қаруды оқтау және оқсызданудыру талаптары туралы сабақ өткізді.
Штабтың радиациялық, химиялық, биологиялық қорғау және экология қызметінің бастығы майор Улан  Кутанов радиациялық, химиялық, биологиялық қорғау құралдарымен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік шараларының ерекшеліктерін жеке құрамға жеткізіп, практика жүзінде көрсетті.
Әскери қызметшілердің қауіпсіздік шаралары туралы білімін жетілдіру, жеке құрамның  өндірістік жарақаттануын алдын алуға мүмкіндік береді.
Сабақ  соңында авиациялық база  командирі подполковник Амангелді Макишев:  «Әскери қызметші қызметтік істер нәтижелеріне қатысты бірінші орында әскери қызметшінің өмірі мен денсаулығына басымдық берілетінін» ерекше атап өтті.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"