Әуе қорғанысы күштері Әскери институтының 4-курс курсанттары оқу-жаттықтыру ұшуларын орындады

Әуе қорғанысы күштері Әскери институтының 4-курс курсанттары оқу-жаттықтыру ұшуларын орындады

Оқу бағдарламасына сәйкес ұшу мамандықтарының 4-курс курсанттары Ан-26 әскери-көлік ұшақтарында, Ми-8 көлік жауынгерлік тікұшақтарында және «ZLIN-242L» жеңіл моторлы ұшақтарда оқу-жаттықтыру ұшуларын орындауда.

Ұшу тағылымдамасының негізгі мақсаты курсанттардың «көлеңкедегі ұшулар», «маршрут бойынша ұшулар» сияқты анағұрлым күрделі ұшу тапсырмаларын орындау болып табылады. ҚР ҚК ӘҚК Әскери институтындағы ұшу мамандықтары курсанттарының тағылымдламасы екінші курстан басталады және жыл сайын өткізіледі, оқу аяқталысымен курсанттар 80-нен аса сағат ұшып өтеді.  Курсанттардың моральдық-психологиялық дайындығының дұрыс ұйымдастырылуы өзіндік ұшулар мен үйренушілердің барлық әрі қарайғы ұшу дайындығында сәттіліктің маңызды шарттарының бірі болып табылатынын айта кетейік. Осыған орай, қажетті білімді, шеберлік пен машықты игеруде курсанттарға ҚР ҚК ӘҚК Әскери-әуе күштерінің әскери бөлімдерінен келген тәжірибелі нұсқаушы ұшқыштар көмектеседі. «Оқу-жаттықтыру ұшуларының қойылған мақсаттарына қол жеткізілді, курсанттарды сапалы дайындау бойынша профессорлық-оқытушылар, ұшу нұсқаушылар және инженерлік-техникалық құрамның әрі қарайғы тапсырмалары айқындалды», - деп атап өтті ӘҚК Әскери институтының бастығы полковник Әлім Ыбыраев. 



Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Итоги "KADEX - 2018"

Итоги "KADEX - 2018"