Әскерлердің практикалық іс-қимылдары пысықталуда

Әскерлердің практикалық іс-қимылдары пысықталуда

Қорғаныс министрі генерал-майор Н.Ермекбаев Алматы гарнизонына барып, «Айбалта – 2019» стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуының өткізілу барысымен танысты.

«Көктал» оқу-жаттығу полигонында әскери ведомство басшысы оқу-жаттығудың өткізілу ауданында әскерлердің практикалық іс-қимылдарының ойнатылу тәртібін, полигонның инфрақұрылым нысандарын тексерді.  Заманауи қауіп-қатерлерді ескере отырып, әскерлерді жауынгерлік қызметтің негіздеріне сапалы оқытуға, қару-жарақ пен әскери техниканың тиімді қолданылуына, сондай-ақ оқу-жаттығуды өткізу кезінде қауіпсіздік шараларының сақталуына ерекше назар аударды.   Оқу-жаттығудың басшылығы алдыңғы базалық ауданда шартты заңсыз қарулы құралымдарды қоршау мен жою бойынша арнайы әскери іс-қимылдарды жоспарлау және өткізу барысында оқу-жауынгерлік тапсырмалардың орындалу тәртібі туралы баяндалды.  Сапар қорытындысы бойынша Қорғаныс министрі стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығудың сапалы өткізілуі мен бөлімшелердің жауынгерлік әзірлігі және жауынгерлік қабілетін одан әрі арттыру бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді. Алматы облысының «Көктал» оқу-жаттығу полигонында 15 сәуірде басталған және ағымдағы жылғы 3 мамырға дейін жалғасатын «Айбалта – 2019» стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізіліп жатқанын естеріңізге сала кетейік. Оқу-жаттығуға Құрлық әскерлері, Әуе қорғанысы күштері, Арнайы операциялар күштері, арнайы және материалдық-техникалық қамтамасыз ету әскерлерінің әскери бөлімдері мен бөлімшелері тартылды. Жалпы алғанда, маневрге шамамен 8000 әскери қызметші және 2000-нан аса бірлік қару-жарақ пен әскери техника, оның ішінде, майдандық және армиялық авиация тартылды. 



Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Семь граней Великой степи

Семь граней Великой степи