Әскерилермен кездесу

Жуырда Талдықорған гарнизонының Әскери полиция бөлімінің анықтау және іздестіру бөлімшесінің аға офицер - уәкілі  әділет аға лейтенанты 48386 әскери бөлімінің тәлімгері Нұрбол Кабдылхайрович Зейтинов әскери бөлімге арнайы келіп әскери бөлімнің әскери қызметшілерімен «Әскерилер арасында діни экстремизмнің қауіпін алдын алу» тақырыбында кездесу өткізді.

Кездесудің мақсаты: әскери қызметшілерді әлемде және елімізде болып жатқан діни процестермен және әртүрлі радикалды діни ағымдар туралы ақпараттандыру, қоғамда террористік және экстремистік идеологияның таралуына жол бермеу бойынша жұмыстардың формалары мен әдістерді түсіндіру. Сонымен қатар, кездесу барысында елімізде соттың шешімімен тыйым салынған экстремистік ұйымдар туралы толық ақпарат берілді.     Дәстүрлі емес діни ағымдар жастардың санасын қалай улайтыны және осы арбаудан қалай арылу жолдары туралы  тереңінен айтылды. Басшыға және жарғыға бағыну қағидаларын ұстану жайлы толыққанды баяндалды.     Жат пиғылды діни ағымдардың төзімсіздік қасиетінің салдарынан еліміздің тұрақтылығы мен бірлігіне нұқсан келтіретіні баяндалып, іс-шара соңында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.


Капитан Жанат СЕМБАЕВ
48386 әскери бөлімі


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Итоги конкурсов АрМИ-2018 на территории Казахстана

Итоги конкурсов АрМИ-2018 на территории Казахстана