Әскерилер арасында түрлі спорттық сайыстар өтті

Ақтау қаласындағы 25744 әскери бөлімінің сарбаздары арасында демалыс күндері спорттық іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілді. Оған төрт әскери бөлімнен 10 батарея қатысты.

Олар футбол, арқан тартыс түрлері бойынша сайысқа түсті. Нәтижесінде, футболдан 25744 әскери бөлімінен артиллериялық дивизионының II батарея жеке құрамы бірінші орынды жеңіп алды. Осы әскери бөлімінің танкіге қарсы батареясы екінші, сондай-ақ, Атырау қаласының 41433 әскери бөлімінің реактивтік батареясы үшінші орынды иеленді.

Ал, арқан тартыстан 1-орынды 25744 әскери бөлімінің III артиллериялық батареясы, 2-орынды II батарея, 3-орынды 41433 әскери бөлімінің жеке құрамы иеленіп, жеңіс тұғырынан көрінді.

Жалпы. осындай спорттық іс-шараны ұйымдастырудағы мақсат – Отан алдындағы әскери борышын өтеп жүрген сарбаздардың демалыс күнін жақсы өткізіп, дене бітімін шынықтырып, дайындау, сондай-ақ, жауынгерлердің рухын көтеріп, ұжым арасында әскери достастықты және жауынгерлік достықты нығайту әрі қалыптастыру.

Гвардия капитаны Д.КАРИМОВ
Артиллериялық дивизион командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстары жөніндегі орынбасары


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"