Әскери тәртіптің алғышарты - қылмыстың алдын алу

36739 әскери бөлімі мен оның бағынышты бөлімшелерінде әскери тәртіп пен құқық тәртібін нығайту мақсатында әскери қызметшілерге құқық тәртібін сақтау мен әскери мүлікті ұрлаудың алдын алуды қамтамасыз ету жөніндегі Қазақстан Республикасының заңнамаларын түсіндіруге ерекше көңіл бөлінеді.

Барлық әскери бөлімдерде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2013 жылғы 18 қаңтардағы №25 бұйрығымен бекітілген, 2013-2015 жылдары құқық бұзушылықтың алдын алу және ескерту Бағдарламасын іске асыру бойынша көптеген іс-шаралар іске асырылды. Осы мақсатпен Алматы гарнизоны әскери прокурорының аға көмекшісі әділет майоры Ермек Елмұхамбетовтің басшылығымен 2013 жылдан бастап осы уақытқа дейін заңдылықты, құқық тәртібін, әскери тәртіпті нығайту, мемлекет пен жеке тұлғаның құқығы мен заңдық мүдделерін қорғау, әскери қызмет атқарудың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сонымен қатар қоғам санасында Отан қорғаушы мен әскери кәсіптің жағымды бейнесін қалыптастыруға бағытталған жұмыстар атқарылды.

Мәселен, кезекті бір жиында Алматы гарнизоны әскери прокурорының аға көмекшісі әділет майоры Нұрлан Тұрысбеков Қазақстанда осы жылдары іске асырылып жатқан экономикалық, саяси және әлеуметтік жүйені реформалау мәселесі бойынша зерттеулердің қорытындысын жеткізді және бұған нақты мысалдар келтірді. Бұл мәселелердің әскери ортаға да қатысы бар, өйткені онда жағымды өзгерістермен қатар лауазымды асыра пайдалану мен әскери мүлікті ұрлауға қатысты құқық бұзушылықтар орын алып тұрады.

Қарулы Күштердің штаты қысқарғанына қарамастан, әскерде экономикалық сипаттағы тіркелген қылмыстар саны азаймай отыр. Осының салдарынан әскери меншікке тиген материалдық шығын өсуде.

2015 жылы Алматы гарнизоны әскери прокуратурасының үйлестіруімен қылмыстық қудалау және әскери басқару органдарының бірлесіп атқарған жұмыстарының нәтижесінде қызметті асыра пайдалануға қатысты қылмыстар саны 25 тен 5 дейін, яғни 80% ға қысқарды.

Ұрлыққа қатысты тіркелген қылмыстар 8 ден 1-ге дейін, ал алаяқтық 10-нан 9-ға дейін төмендегені байқалады.

Қазіргі кезеңде жоғарғы басшылық тарапынан бізге осындай келеңсіздіктерді азайтуға, ал болашақта мүлдем жол бермеу жөнінде тапсырма қойылып отыр. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құрылымдары Ішкі қызмет жарғысының 1-ші бабында «Әскери қызмет өткеру қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сезім білдіру болып табылады, әскери қызметшілердің адамгершілігі мен моральдық-этикалық келбетіне жоғары талаптар қояды»  деп атап көрсетілген.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылдың 14 желтоқсандағы Жолдауында айтылған, мемлекет ұсақ құқық бұзушылықтарға, әскери мүлікті ұрлауға мүлдем төзбеу принципін басшылыққа алу керектігін назарға алатын болсақ, әскери қылмыстар мемлекеттің әскери қауіпсіздігіне, әскери қызмет атқару тәртібі мен әскери бөлімшенің үнемі жауынгерлік әзірлікте болуына қол сұғу болып табылады.

Алматы гарнизоны әскери прокурорының аға көмекшісі әділет майоры Ермек Елмұхамбетов пен әділет майоры Нұрлан Тұрысбеков өз қызметтері барысында заңға қайшы әрекеттердің себебі мен жағдайларын анықтау, құқық бұзушылықтардың әлеуметтік және құқықтық зардаптарын түсіндіру мақсатында Алматы гарнизонының бірқатар әскери қызметшілерімен профилактикалық жеке әңгімелесулер өткізді.

36739 әскери бөлімінің командирі полковник Айдар Кенжеев әскери бөлім мен барлық деңгейдегі бағынышты бөлімшелердің басшылығына, әскери тәртіп пен құқық тәртібін нығайту және ұстау бойынша олардың қызметінің нәтижесін бағалаудың негізгі критериі ретінде, құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған қызметтеріне жоғары талаптар қояды. Сонымен бірге, Айдар Еділұлы жалпы қылмыстарды, әкімшілік құқық бұзушылықтарды және де сыбайлас жемқорлық сипаттағы қылмыстар мен тәртіптік теріс қылықтарды әскери ортада толықтай жойғанға дейін бірлесіп атқаратын жұмыстар жалғаса беретіндігін атап өтті.

Майор Б.Өмірбеков

36739 әскери бөлімі 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"