Әскери қызметшілер мен спортшылар ҚР мен Қарулы Күштерінің 25-інші ашық Чемпионатында бақ сынады

Классикалық парашюттік спорттың ең кәсіби өкілдері – әскери қызметшілер мен спортшылар ҚР мен Қарулы Күштерінің 25-інші ашық Чемпионатында үздік атағы үшін бақ сынасты. Жеке командалық біріншіліктегі жарыста 16 ерлер және 3 әйелдер командасы құрамында 62 спортшы бәсекеге түсуде.

Чемпионат ҚР Қарулы Күштері Парашюттік даярлық орталығының базасында, ҚР ҚК ӘҚК Әскери-әуе күштері мен «Отан» қоғамдық бірлестігі аэроклубының базасында өтуде. Қатысушылар Алматы қаласынан, Қарағанды, Батыс Қазақстан және Алматы облыстарынан келді. Оның ішінде, олар ҚР ҚК Парашюттік даярлық орталығы, 61993, 48386, 18404, 32363 және 32356 әскери бөлімдері, сондай-ақ, еліміздің аэроклубтары мен парашюттік орталықтарының намысын қорғайды. Бағдарламаға сәйкес қатысушыларға бірқатар жаттығуларды орындау қажет. Бұл жеке және командалық сынақта 900-1200 метр биіктіктен жерге қону дәлдігіне жеке және топтық секірулер, еркін құлаудағы акробатикалық фигуралар кешенін орындай отырып, 2 200 метр биіктіктен жеке акробатикалық секірулер. Қызмет түрі мерзімді түрде парашютпен секірулерді орындаумен байланысты әскери қызметшілердің айтуынша, аталған чемпионат өзінің сыныптық біліктілігін растау мен арттыру, ал спортшыларға спорттық атақ пен дәреже беру үшін жақсы мүмкіндік. Жалпы алғанда, сайыс Қарулы Күштерде әскери-қолданбалы мәнге ие парашюттік спортты дамытуға, спортшылардың спорттық-техникалық шеберлігі мен моральдық-жігерлік қасиеттерінің деңгейін арттыруға бағытталған. Сонымен бірге, бұл парашюттік спорт бойынша Қарулы Күштер мен Қазақстан Республикасының құрама командаларын жасақтау үшін мықты спортшыларды іріктеу, сондай-ақ, спорттық төрешілерді дайындау және олардың төрешілік санаттарын арттыру.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"