Әскери қызметшілер дабыл бойынша көтерілді

Әскери қызметшілер дабыл бойынша көтерілді

ҚР Қорғаныс министрі генерал-майор Н.Ермекбаевтың бұйрығы бойынша Қарулы Күштердің құрамалары мен әскери бөлімдері «Айбалта – 2019» ірі ауқымды стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуының өткізілуі аясында оқу белгісі бойынша көтерілді.  

Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты әскери басқару органдарының үйлесімділігін жетілдіру, әскерлердің далалық машығын арттыру және әскерлерді басқаруда штабтар мен командирлердің тұрақты практикалық дағдыларын шыңдау болып табылады.  Оқу-жаттығудың маневріне шамамен 8000 әскери қызметші және 2000-нан аса бірлік қару-жарақ пен әскери техника, майдандық және армиялық авиация тартылды. Оған Құрлық әскрелері, Әуе қорғанысы күштері, Арнайы операциялар күштері, арнайы әскерлер мен материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімдері мен бөлімшелері қатысты.

Стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуға қатысушылар құрамдастырылған тәсілмен, өз жүрісімен, теміржол көлігімен, әскери-көлік авиациясының ұшақтарында көрсетілген ауданға қозғалыс жасап, белгіленген ауданға шоғырланып, оқу-жауынгерлік тапсырмаларды орындауға кірісті.   Әскерлердің теміржол көлігімен қозғалуы үш бағыт бойынша жүзеге асырылды. Оған 20-дан аса әскери эшелон жұмылдырылды. 8 лек құрамында автомобильді көлікпен 400-ден аса бірлік әскери техника марш жасады. Қозғалыстың ұзындығы 300-ден бастап 1000 шақырымнан асады. Оқу-жаттығудың өткізілуі орнында шынайы жауынгерлік іс-қимылдарға жақындатылған заманауи қарулы қақтығыстар тәжірибесін ескере отырып, жағдай модельденді. Оқу-жаттығудың өткізілу ауданында «Көктал» полигонында материалдық-техникалық қамтамасыз етудің орталық базасы өрістетілді. Онда азық-түлік, киім-кешек және техникалық мүлік, жанар-жағармай материалдары, әскерлер топтамасының жауынгерлік қызметінің қажеттілігі үшін оқ-дәрілерге арналған қоймалар жасалған. Сондай-ақ  жоғары технолоиялық модульдермен жабдықталған жылжымалы мобильді әскери-далалық госпиталь өрістетілді.   «Айбалта – 2019» стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуы Алматы облысының «Көктал» оқу-жаттығу полигонында өткізіліп жатқанын және ағымдағы жылғы 3 мамырға дейін жалғасатынын айта кету қажет.  Ауқымды оқу-жаттығудың өткізілуі әскерлердің далалық машығының деңгейін арттыру ісінде кезекті қадам болмақ.


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Семь граней Великой степи

Семь граней Великой степи