Әскери-патриоттық клубтардың жарысы

Шымкент гарнизоны әскери прокурорының жетекшілігімен Тәуелсіздік күні мерекесіне орай әскери-патриоттық клубтар арасында байқау өткізілді.

Іс-шараға Шымкент қаласындағы С.Рахымов атындағы республикалық әскери мектебі мен қала мектептерінен құралған әскери-патриоттық клубтардың он бес командасы қатысты.

Байқаудың басты мақсаты облыстағы жас армиялық қозғалысты дамыту, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің имиджін көтеру және әскери қызметті кеңінен насихаттау болып табылды.

ҚР Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлеріне қарасты 10216 әскери бөлімінің «Ержүрек» әскери-патриоттық клубының тәрбиеленушілері үш кезеңнен тұрған сайыста оза шауып, бірінші орынды иеленді.

«Ержүрек» командасының мұндай нәтижеге жетуіне10216 әскери бөлімі ардагерлер қоғамының төрағасы запастағы майор Қанат Тимурұлы Сматов, майор Ардақ Жүсіпұлы Жапбарқұлов, майор Батырхан Дуйсенов сынды озық тәжірибелі мамандардың дайындық кезеңінде өздерінің біліктілігі мен білімділігін оқушыларға үйретуі үлкен септігін тигізіп отыр.

10216 әскери бөліміне бекітілген А.С.Макаренко атындағы № 41 мектеп-лицейінің алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушысы Алдияр Ерасынұлымен әрдайым жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу жүйесі жұмысының тиімділігін арттыру, әскери-патриоттық клубтардың қызметін нығайту бойынша бірлесіп іс-шаралар атқарылып келеді.

Байқау соңында сайыста жеңімпаз атанған командаларға Шымкент гарнизоны әскери прокуратурасы басшылығы атынан марапаттау қағазы мен бағалы сыйлықтар табысталды.

 

 

Майор Б.Әбенов

10216 әскери бөлімі


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Семь граней Великой степи

Семь граней Великой степи