Әскери мамандыққа баулыды

Әскери мамандыққа баулыды

Еліміздің Қарулы Күштерінің имиджін барынша ақпараттандыру, әскери мамандықты жан-жақты танымал ету және жас ұрпақты жаңа қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу мақсатында «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы, Семей қаласының қорғаныс ісі жөніндегі басқармасы мен қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен екі күн бойы ерлік сабақтары өткізілді.

   Гарнизондық офицерлер үйіндегі ерлік сабақтарында Семейдегі жалпы білім беретін орта мектептерді бітіруші сынып оқушыларына еліміздегі әскери жоғарғы оқу орындары, оған түсу мен оқудың шарттары, әскери білімді одан әрі алыс-жақын шет мемлекеттерде жетілдірудің мүмкіндіктері жайында мол ақпарат берілді. Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерін әлеуметтік, заттай мүлікпен, азық-түлікпен, баспанамен, медициналық, білім беру, демалыс және зейнетақымен қамтамасыз ету барысы да айтылды. Үгіт бейнероликтері де көрсетілді.

   Ерлік сабағына қатысушылар 2008 жылдың 8 мамырында Семей гарнизонының жеке құрамының күшімен құрылған ашық алаңдағы қару-жарақ пен әскери техникасының мұражайын көрді. Бүгінгі күні мұнда БМП-1, БМП-2, БМ-14, БМ-24 әскери машиналары, БТР-70 бронетранспортері, 152 миллиметрлік Д-1 гаубицалары, 122 миллиметрлік М-30, Д-20, Д-30 гаубицалары, МиГ-21 ұшағы, 85 миллиметрлік Д-44 және 100 миллиметрлік БС-3 дала зеңбіректері, БРДМ-2 барлау машинасы, ЗиС-5 жүк автомобилі, УР-67 қондырғысы, Т-72, Т-62, Т-64, Т-55, Т-34 танкілері тұр. Оқушылар офицерлер үйінің ішіндегі мұражайды да аралап, тарихына қанық болды. Отан сүйгіштік, елжандылық, патриоттық сезім және жауынгерлердің өз міндетін атқарудағы батырлық әрекеттері туралы Қарулы Күштер ардагерлерінің әңгімесін ықыласпен тыңдады.

 

                                                                                      Алуа ИСКАКОВА


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Семь граней Великой степи

Семь граней Великой степи