ҚР Қарулы Күштеріне - 25 жыл

Әскери институттағы әйелдер

Әскери институттағы әйелдер

Бүгінгі таңда Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтында қызметін абыроймен атқарып келе жатқан аяулы арулар бар.  Болашақ офицерлердің тәрбиесіне белсене атсалысып, білім нәрін аямай, қамқорлық танытып, аналық мейіріммен көмек қолын ұсынып, кәсіби тұрғыда еңбек етіп жүрген озат жандар.

Өз саласының шебер мамандары, қызметтеріне өте жауапты. Нәзік жандылар үшін әскери сала жеңіл болмасада, арулардың өз ісіне үлкен жауапкершіліпен қарайды. Осы тұста әскери институтта жоғары деңгейде қызмет етіп, Қарулы Күштерге өзіндік үлесін қосып жүрген аруларды атап өтер болсақ, оқу үдерісіне айтулы  еңбек етіп келе жатқан подполковник Г.Зверева,  запастағы подполковник Н.Кочурова, запастағы майор Е.Журомская, капитан Р.Құсайынова, ҚР ҚК қызметкерлері С.Тасимова, Г.Қаптағаева, М.Әбдрахметова, институт іс-қағаздарының жүйелі жүргізілуін қадағалап, қатаң тәртіпті серік еткен штаб қызметкерлері подполковник Н.Цой, кіші сержант Г.Аметова, аға сержант А.Естемесова,  кіші сержант А.Ахметова, ҚР ҚК қызметшісі А.Садуақасова,  әскери салада тәрбие үдерісі үлкен жауапкершілікке ие. Бұл тұрғыда мамандар өз ісіне мұқият болуы шарт. Берілген тапсырманы тың шеберлікпен орындап, белсенділігімен ерекшеленетін әскери саладғы арулардың қатарын тәрбие басқармасында қызметін жоғары ынтамен атқарып жүрген қызметкерлер майор С.Дауренбекова, аға лейтенант Ж.Рысалдиева, лейтенант К.Кенжеева және институтта өткізілетін іс-шаралардың басы-қасында жүріп ұйымдастырып, жан дүниесінің мейірімділігімен, аса үлкен қамқорлығымен ерекшеленетін ҚР ҚК қызметкерлері С.Ағыбаеваның, С.Шаяхметқызының еңбектері толықтырады. Оқу мен ғылым егіз ұғым үнемі ізденіс үстінде жүретін, институттың ғылыми-зерттеу жұмысына өзіндік үлесін қосып жүрген аға лейтенант Н.Исмағұлованың еңбегі айрықша. Сонымен қатар, тыл қызмтекерлері аға сержант К.Юсупова, ҚР ҚК қызметшісі В.Крымусь әскери салаға қосып жатқан еңбектері орасан.

Әскери институтта Әйелдер кеңісі құрылып, институтқа қарасты қарттар үйі мен «Үміт» балалар үйімен тығыз байланыста. Олардың ұжымдағы туындаған мәселелердің шешімін табу сынды біраз шараларды атқарады. Мерекелелік жиындарды өткізуге де белсенді қызмет атқарады.

Біздің қазіргі қоғамымызда әйел тек отбасының береке-бірлігін ойлайтын тұлға ғана емес, ол мемлекеттің өмірге және саяси мәселелерге белсене араласатын қоғам мүшесі.

Полковник А.МҰСТАБЕКОВ

Радиоэлектроника және байланыс әскери-

инженерлік институтының бастығы 


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

Инфографика: порядок проведения военного парада в Астане

Инфографика: порядок проведения военного парада в Астане