Әскери жоғары оқу орнында мемлекеттік аттестаттау комиссиясы басталды

Әскери жоғары оқу орнында мемлекеттік аттестаттау комиссиясы басталды

Радиоэлектроника және байланыс Әскери-инженерлік институтында бір ай бойы болашақ офицерлердің білімі мен шеберліктерін бағалайтын мемлекеттік аттестаттау комиссиясы өз жұмысына кірісті.

ҚР Қорғаныс министрінің бұйрығына сәйкес ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштері әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері қолбасшысының басқармасы бас қолбасшы басқармасының өкілдері санынан комиссия төрағалары мен мүшелері тағайындалды. Кешенді мемлекеттік емтихан екі кезеңде өткізіледі. Бірінші кезең – теориялық бөлім, екінші – қару-жарақ пен әскери техниканы қолдана отырып, практикалық бөлім. Одан басқа, дене даярлығы мемлекеттік емтиханның құрамды бөлігі болып табылады. Мұнда жылдамдық, шапшаңдық, күш пен төзімділік сияқты физикалық қасиеттер тексеріледі.   «Бұл бітіруші курстың курсанттары үшін өте жауапты кезең. Мұнда оқыту бағадарламаларының игерілу дәрежесі тексеріледі, алған мамандықтарына сәйкес теориялық және практикалық машықтары тексеріледі», - деді жоғары әскери оқу орнының бастығы генерал-майор А. Мұстабеков. Мемлекеттік емтихандарды тапсыру  дипломдық жобаларды қорғаумен аяқталады. Биылғы жылы институт 8 мамандық бойынша 135 курсанттың ішінен 13-ші шығарылымды түлетіп шығаруда. Оның ішінде, 32 курсант әскери институтты үздік дипломға және 3 түлек «Әскери оқу орнын үздік бітіргені үшін» төсбелгімен марапатталуға үміткер.  Радиоэлектроника және байланыс Әскери-инженерлік институты ӘШҚҚ әскерлерінің бөлімшелері үшін жоғары білікті офицерлерді, сондай-ақ әскерлер мен қару-жарақты автоматтандырылған басқару жүйелерінің инженерлері үшін жоғары білікті офицерлерді дайындайтынын айта кетейік. 



Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Семь граней Великой степи

Семь граней Великой степи